«Шабыт қайнары» қолданбалы өнер орталығы Құрбан айт мерекесі қарсаңында игі істің тұсауын кесті. «Алланың үйі» жобасы аясында Жұмыскер ауылының мешітіне сый-сияпат жасады.

Жұмыскер ауылы Май ауданына қарасты әлеуеті мол елдімекендердің бірі. Бөлімшесімен қосқанда адам саны 700-ден асады. Жергілікті халықтың жағдайының жақсы екенін мәдениет үйі, мектеп пен мына мешіттен көруге болады. Мешіт демекші, қасиетті Құрбан Айт мейрамы қарсаңында «Шабыт Қайнары» қолданбалы өнер орталығы жетекшісінің бастамасымен Алла үйіне ерекше сый табысталды.

УАСИЛЯ НҰРМҰХАНБЕТОВА, «ШАБЫТ ҚАЙНАРЫ» ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Негізі үкімет болсын кім болсын облыстық деңгейдегі мешіттерге, орындарға ол жаққа көңіл бөлінеді. Осы ауылдың тумасы болғандықтан, «Шабыт қайнары» қолөнер орталығының қолынан мынадай төрт көрпелер мен жайнамаздарымызды тарту етіп отырмыз. Бірақ бұл жоба тек бастамасы, тұсауы кесілді. Негізі жыл сайын осының жалғасы болады.

Жалпы «Алланың үйі» жобасы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Музей орталығының 2024 жылғы жоспарына енгізілген. Қолөнершілерді қолдап облыс орталығынан «Ел анасы» Бақытжамал Шаханқызы да ат терлетіп келді.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Туған жеріңе қандай да болсын өзіңнің үлесіңді қос деп айтады ғой. Міне Уәсиля ханым еліне өздерінің қолдарымен қолөнерлерін әкеліп, Алла үйінен бастап жатыр.Халық та шабытпен қарсы алып жатыр. Құр айтта айиылған жұғаларымыз қабыл болсын.

Сонымен Жұмыскер ауылының мешітіне қолөнершілердің қолынан шыққан 14 төр-көрпе мен 7 жайнамаз сыйға тартылды. Мешіт Жамағаты Алланың үйіндегі осы көрпелерді өз игіліктеріне пайдаланатын болады. Ауыл тұрғындары жерлесіне алғысын білдірді.

МЕЙРАМБЕК ҚАЖЫ ҚАМАЛҰЛЫ, ЖҰМЫСКЕР АУЫЛЫ МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ

Осыдан жетпіс күн бұрын біз тарауық намазында Уәсиля жақындап, осылай айтқан еді. Нұр үстіне нұр болады дедім. Кейінгі ұрпаққа да. Сондықтан бүгінгі істеп жатқан іс шарамыз Нұр үстіне нұр болсын. Қасиетті Құрбан айт қабыл болсын. Дұға тілектің бәрі қабыл болсын.

АЛМАГҮЛ ДӘУІТОВА, ЖҰМЫСКЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгінгі міне іс-шара Жұмыскер ауылында Алланың үйінде басталып жатыр. Өзіміздің қызымыз мешітімізге құрақ көрпелер әкеліп жатыр. Көптен көп рахмет айтамыз. Еңбегінің тек жемісін көрсін. Биіктен көріне берсін.

Мешітке ауыл тұрғындары жан-жақты демеушілік танытып, көмек көрсетеді, дейді ауыл имамы. Мешітке қолұшын берген жандар ешқашан ұтылмайды, біріншіден мол сауапқа ие болады, екіншіден елі мен ұрпағы айтып жүретін игілікті істің бастауында тұрады. Ал, «Алланың үйі» жобасы дәстүрлі түрде жылда Құрбан айтта жалғасын тауып отырады.

Самал Қалиқызы