Ақсу қаласында «Ақсу толқыны» жазғы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Шара жайлы барып қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Тұрғындарының жазғы мәдени демалысын өткізу мақсатында «Ақсу толқыны» ашылу салтанатты кеші өтті. Қала төрінде шығармашылық ән шашу ұсынылса, ашық аспан астында түрлі поэзиялық кештер ұйымдастырылды.

МЕДҒАТ МАНАПОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕР ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгін біз сіздермен «Ақсу толқыны» жазғы маусымның ашылуында кездесіп отырмыз. Өздеріңіз көргендей бұл орталықта жалпы халықтың мәдени сауықтыру мақсатында бос уақытын қамту көзделген. Бұл жерде тек қана концерттік шаралар емес, түрлі алаңдар жұмыс жасап жатыр.

Алаңда түрлі поэтикалық клубтарда жұмыс атқаруда. Ақсу қаласының «Родничек» поэтикалық клубының мүшелері, жас ақындар да өз шығармаларымен бөлісуде. Ал шараның саябақта өткізілуі де бекер емес дейді ұйымдастырушылар.

МЕДҒАТ МАНАПОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕР ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Саябақта өтілуінің бір жақсысы халықтың көп жиналуы. Яғни қамтылуы үлкен болады.

Бұдан бөлек, халық назарына зағип суретшілердің көркемдік өнерлері көрме ретінде ұсынылған. Қала бүлдіршіндері де шетте қалмай, сурет өнерінен дәм тәтіп, мастер классқа қатысты

ТАТЬЯНА ТИШАКОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ СУРЕТШІСІ

Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыстары. Бұл туындыларды зағип суретшілер Елубаев Ренаттың бақылауында салды. Ол кісінің арқасында әрбір сурет өте көңілді әсер қалдырады, тіпті қараған сәтте күннің көзі мен жаздың ыстық күндері еске түседі. Зағип жандар айналаны көре алмасада , түрлі түстер қолдану арқылы керемет туындыларды салып шықты.

Сурет салуды адам баласы түсіне білу керек, ол үшін жүрек мен сезімнен басқасы қажет емес дейді суретші.

Жас өнерпаздардың шығармашылығын дамыту мақсатындағы шаралар қалада келесі жаз айларында да жалғасын таппақ.

Салтанат Бауржанқызы