Өңір экономикасы дамып келеді. Импорт пен экспорт әлеуеті артып, өңірге 247 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткен аппаратты жиында айтылды.

Өңірдегі ішкі сауда көлемі 6, ал бөлшек сауда айналымы 3 пайызға артты. Жарты жыл ішінде облыс экономикасына 247 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсім қарқыны 105,3 пайызды құрап тұр. Бұл жөнінде аппаратты жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук баян етті. Оның айтуынша 5 ай ішінде Железинка, Тереңкөл және Аққулы аудандарында өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және инвестиция тарту көрсеткіші артта қалды. Шетел инвесторларын тарту – бұл ел экономикасының дамуы. Өңір басшысы аталған аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІІМ

Инвестиция тарту әкімдердің басты міндеттерінің бірі. Инвестиция тартылмаса, ешқашанда жаңа жұмыс орындары пайда болмайды. Ауданның экномикасы дамымайды. Сондықтан басты міндеттерді дұрыс орындамасаңыздар сұраныс қатаң болады. Онда дәл сол жерде дұрыс отырсыздарма ондай сұрақ туындайтын болады. Сондықтан құрметті әкмідер бұл сұрақпен айналысыңыздар.

Өңір басшысы аталған аудан әкімдерінен ақсаған нақты салалардың қазіргі ахуалын сұрады. Железин және Тереңкөл аудандарының әкімдері бейнебайланыс арқылы есеп берді.

АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

2-ші тоқсан қорытындысы бойынша қазір шаруа қожалықтары есеп береді. Көктемгі егі жұмыстарына бірнеше техника, қосалқы құралдар алынды соған байланысты 100 пайыз орындалады деп отырмыз инвестиицяны. 6 айдың қорытындысы бойынша жүз пайыз орындаймыз.

АЗАМАТ МАҢҒҰТОВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Инвестициялық жоба қазір күтіп отырмыз. Жасалғаннан кейін және де бізде барлық шаруа қожалықтарымыз тоқсан сайын есеп береді.

Айта кетейік, өзге салаларда өсім бар. Құрылыс саласы қарқынын жойған жоқ. Облыс әкімі барлық аудан басшыларына барлық көрсеткіштерді назарда ұстап, ақсатып алмауды тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салалық басқар қада мен аудан әкімдері оң динамикасын қамтамасыз етсін. Әлеуметтік экономикалық дамыту .. салалық басқрама жіберсін.

Бұдан кейін аппараттық жиынның екінші бөлігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйесінің жұмысы айтылды. Павлодар өңірінде 113073 адам сақтандырылмаған екен.

ЖАНГЕЛДІ ШАЙЫМБЕТОВ, «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қор филилы әлеуметтік жағдайды анықтау мақсатында облыстағы алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жеке тұлғаларды шақыру немесе түсіндірме жұмыстарын өткізу Е санатындағы тізімдерді жіберді. Е санаты бойынша сақтандылымғана азаматтар саны 7565 адам құраса 8,9 пайызға төмендеу көрсетілуде.

Айта кетейік, өңірде сегіз мыңнан астам адам жұмыс істемейді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, өңірде сақтандырылмаған үй шаруасындағы әйелдермен және жұмыссыздармен белсенді жұмыс істеуде. Жиын соңында облыс әкімі мемлекеттік мекеме басшылары мен аудан әкімдеріне өңір тұрғындарына екі қолға күреп тауып, жұмыспен қамтуды тапсырды.

Әйгерім Тоқпанқызы