Сондай-ақ, облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Баянауыл ауданына барды. Онда мектептер, мәдениет үйі мен ауылішілік жолдардың жөнделу барысын тексерді.

Баянауыл ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 6 жоба іске асырылып жатыр. Жалпы соммасы 937, 7 млн теңгені құрайды. Оның қатарында Бірлік және Құндыкөл ауылындағы мәдениет үйі кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында ішкі және сыртқы келбеттері айтарлықтай өзгеріп, тың жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы өңір басшысына Баянауыл ауданының әкімі баяндама жасады.

АРДАҚ КСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бірлік ауылындағы мәденпет үйі 160 млн 700 мың теңге, мердігер «Намстрой». Жұмыстар қарқынды жүріп жатыр, графиктен қалып келе жатқаны көрінбейді. Екінші жоба Құндыкөл ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеуі. Жалпы соммасы 155 млн 400 мың теңге.Бұл жерде стриотельный компания «ЛюксСервис»

Айта кетейік, Құндыкөл ауылындағы мәдениет үйі соңғы рет 2013 жылы жартылай күрделі жөндеуден өткен. Жаңа жұмыстар барысында мәдениет ошағы толықтай жаңартылып, халық игілігіне пайдалануға берілмек.

Баянауыл ауданынан кейін халық саны жоғары елді-мекен болып табылатын Жаңатілек ауданында спорт кешенін салу жоспарланған. Себебі, бұл ауыл жастарына қажет. Облыс әкімі Асайын Байханов елді-мекендердегі жол жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бұл тұрғыда Баянауыл ауданы ең аз қамтылғандардың бірі. Тіпті кейбір учаскелерде ауылдардың кірме жолдары трассадан 80 км жерде орналасқан. Ал Қаражар ауылында ауылішілік жол жөндеу жұмысы мамыр айында басталған, толық жұмыс шілде айында аяқталмақшы. Тиісті атқарылып жатқан шаралар қатарына көшелерді жарықтандыру мәселесі де қамтылған.

АРДАҚ КСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі күні іске қостық. Құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бір жұма болды көше жарығын іске қосып қойдық

Ал, Мұса Шорман ауылының кіреберіс жолдарында шұңқырлар жөнделіп, Имантай, Мұрсалов, Сарбасов көшелерінде асфальт толық төселді. Құндыкөл ауылындағы жол сапасын өңір басшысы сынға алып, сапасыз жұмыстарды қабылдамауды және төлем жасамауды тапсырды.

Сондай-ақ, Құндыкөл ауылындағы және Мұса Шорман ауылындағы Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, шатыр, әйнектер, едендер, ауыстырылуда. Электр жүйелері де жаңартылады, тек жылу желілері ауыстырылмайды. Себебі, білім ордаларының іші жылы.

Облыс басшысы кезекті жұмыс сапары барысында іске асып жатқан жобалардың қарқыны жаман емес екенін айтты. Өз кезегімізде, әлеуметтік нысандардың артта қалушылығын байқамадық.

Қымбат Садық