Успен ауданының Қоңырөзек ауылдық мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Осылайша алдағы оқу жылында шәкірттер жаарған білім ордасының табалдырығын аттамақ.

Күрделі жөндеу «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жүруде. Мектеп 1983 - жылы салынған, соңғы рет 2017 - жылы ішінара жөндеу жүргізілген, одан кейін асхана мен шатыр ғана жаңарған. Ауқымды түрде жасалып жатқан жұмыс осы. Балалар бірінші қыркүйекте жөндеуден өткен білім ордасының табалдырығын аттамақ. Айта кетерлігі, мектепті күрделі жөндеуден бөлек, аумағын абаттандыруға да келісім жасалған.

РУСЛАН ҚОҚЫМОВ, ҚОҢЫРӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Қазір мұнда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша екі жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жоба – аумақты абаттандыру, ғимараттың қасбеті 123 млн 600 мың теңгеге жасалуда. Мамыр айының басынан бері жұмыс жүріп жатыр, тамыз айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. до конца августа

Мұнда барлығы 85 оқушы білім алады, мектеп ғимаратында орналасқан шағын орталықта 21 бала оқиды. Балалар көршілес ауылдағы мектептерден де тасымалданады. Ішкі жұмыстарға 129 млн теңге бөлінді. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау да жоспарлануда.

РУСЛАН ҚОҚЫМОВ, ҚОҢЫРӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Есіктер, электр жүйесі ауыстырылып, терезе алды мен қабырғаларды реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір жұмыстың 30 пайызы аяқталып қалды деуге болады. Алдағы уақытта жұмыс қарқынды түрде жүргізіледі деуге болады

Қоңырөзек ауылындағы ауылішілік жолдардың ұзындығы 16 шақырым. Қазіргі уақытта алты көшеге асфальт төселген. Барлық жұмыстарды жергілікті жұртшылық қадағалап, олардың ескертулерін мердігер бірден түзетіп отырды.

Жалпы облыс бойынша ауылдық елді мекендердегі ауылішілік жолдарды асфальттауға қомақты қаржы бөлініп отыр. Шағын ғана Қоңырөзек ауылына «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 169 миллион теңге бөлінген. Тұрғындар жұмыс барысын жіті бақылап отырды, өйткені Кеңес Одағы кезінен бері ауылда жол болмағандықтан сапаға ерекше мән берді.

Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова