«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі қоғамда саналы ата-ана платформасы арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында еліміздің 16 өңірінде әлеуметтік жобаларды бастаған болатын. Осы жобаның бірі Павлодар облысында өткен жылдың мамыр айында басталып, бүгін «Достық» үйінде қорытындыланды.

Павлодар қаласында өткен "Болашақ жеңімпаз" - "Дизайн жизни" жобасы жастардың рухани дамуын мақсат етті. Осылайша жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу, бағыт-бағдар беру, олармен бірге болашақтарының дұрыс жобасын сызу еді. Жобаға 16 мен 23 жас аралығындағы 83 бала қатысқан. Олардың барлығы "Жас ұрпақ", "Жас қанат", "Жас дәурен" Жастар Үйінің тәрбиеленушілері болды.

НҰРКЕН АСАНОВ, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Жетімін жылатпай, жесірін тентіретпейтін халық болғандықтан соны қайтадан қолға алсақ. Болашағымыздан үміт күтеміз, ұрпағымызбен бірге жасаймыз деп жиі айтамыз. Бірақ істе қалай? Сондықтан, ұлт жанашырларын, қоғам қайраткрелерін бір дөңгелек басына жинаған іс-шара.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажетті заттармен қамтамасыз етіліп жатқаны рас. Дегенмен, олар тек материалдық игілік емес, рухани игіліктің де қажеттілігін сезінуі маңызды. Арнайы мамандар, психологтар, бастаманы қолдау танытқан жекелеген ата-аналар жобаға қатысуға ниет білдірді және жергілікті мемлекеттік органдар да қолдау танытты.

осылайша, Достық үйінде өткен дөңгелек үстел барысныда "Болашақ Жеңімпаз" жобасының қорытындыланды. Жасөспірім буынның мәселері талқыланды.

Жанасыл Серікбол