Павлодар облысында жыл басынан кәмелет жасына толмаған екі бала жол көлік оқиғасынан қайтыс болды. Полицейлер Жағымсыз көрсеткіш көбейіп жатқандығын айтады.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 335 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 404 адам зардап шегіп, 20 адам қаза тапты. Жол көлік оқиғасының өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады.Ал ішімдік ішіп, рөлге отыратындар саны 49 пайызға азайған.

ҚУАНЫШ МҰСТАФИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жол бойындағы тәртіпті тексеру мақсатында жыл басынан полициямен 56 мың жол көлік қозғалысы тексерілді. Ішімдік ішкен күйінде 606 жүргізуші және жылдамдықты арттырған 18446 адам жауапкершілікке тартылды. Қарама қарсы беттегі жолға шығып кеткен 102 жүргізуші жауапқа тартылды.

Полицейлер 5 айдың ішінде көпшілік қолданатын жолдың сапасын 585 рет тексерген. Нәтижесінде 889 кемшілік анықталды, 500-ден астам ұйғарым берілді.

ЖӘНІБЕК КЕНЖЕБАЕВ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс аумағында 357 жол көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылы осы уақытта 214 жағдай орын алды. Өсім 67 пайызды құрайды. 458 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. 23 адам қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы кезінде жапа шеккен 94 адам – кәмелеттік жасқа толмағандар. Яғни әрбір 5-ші жағдай балалардың қатысуымен болады.

Жол бойында орын алатын әрбір үшінші жол көлік апаты жаяу жүргіншілермен байланысты. Облыс бойынша жол көлік ережелерін 30-39 жастағы адамдар бұзады екен. Жалпы жол көлік оқиғалары туралы ақпаратты «қамқор. Гов. Кз» порталынан алуға болады деді, спикерлер. Яғни онда статистикалық мәліметтер ұсынылады.

ҚУАНЫШ МҰСТАФИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қазір 16 жасқа толмаған балалармен 2 факті бар бізде. Қайтыс болған балалар бізде. 2023 жылы 1 факт болды. Самокаттармен сабақ өткізеді. 16 жасқа толмаған балалар жолмен жүру керек. Тротуармен жүру керек. 16 жасқа толған балалар самокатпен скутермен жүруге болады. Осы 1 айдың ішінде 45 шақты мотоцикл автотұраққа енгізілді. Қазір интернет ресурспен жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Жолда жүру ережелерін сақтау, оқиғалардың алдын алу үшін облыс орталығында бейнекамералардың көп болуы маңызды деді брифингке қатысушылар. Сондай-ақ, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібі де көңіл көншітпейтін көрінеді.

Самал Қалиқызы