Ақтоғай аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Айта кетерлігі, жұмыс мерзімінен бұрын аяқталған. Нысанда не жасалды? Тілшіміз айтсын.

Аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары ақпан айында батсалған. Оған облыстық бюджеттен 123 млн теңге бөлініпті. Осылайша, мәдениет ошағы жаңартылып, халық кәдесіне берілді.

НҰРБОЛ МҰХИТОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Толығымен электр, жылу жүйесі ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары, есіктері, әйнектері, төбесі. Сонымен қатар, жаңа сахна. Үлкен ЛЭД экран. Жаңа цифрлық музыкалық аппаратура сатып алынды

Күрделі жөндеу аясында мәдениет үйінің, жалпы аудан өнерпаздары сапады жыбыс жазу мүмкіндігіне ие болды.

ТОЛҚЫН ЕСЕНОВА, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Өз басым қаншама мәдениет үйінде болдым. Бірақ та мақтанып айта аламын. Облыс көлемінде осындай дыбыс студиясы аудандардың ішінде Ақтоғайда ғана деп айта алам.

Енді аудан тұрғындары ауқымды шараларды осында өткізіп, халыққа сапалы әмдени бағдарлама сыйлай алады.

Жанасыл Серікбол