Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапары барысында Баянауыл ауданында 2025 жылға дейін жүзеге асатын инвестициялық жобалармен танысты. Оның барысында визит орталық, серуендеу аймағы салынып, Сабындыкөл жағажайын абаттандыру жоспарланып отыр.

Мәселен, Жасыбай демалыс аймағында қысы-жазы жұмыс істейтін екіқабатты қонақ үй ашылады. Жалпы жоба құны – 1 млрд теңгені құрайды. Аудан әкімінің айтуынша, жол бойында сервис дами түспек. Оның барысында тамақтану орыны бар ғимарат жанар-жағармай бекеті, супермаркент салынады. Баянауылға алғаш рет 100 бас түйе әкелініп, демалыс орындарына шұбат сатылып жатыр.

АРДАҚ КСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Берекет-1 ЖШС 2023 жылы біздің ауданнан 6 мың га жер, қосымша базымен үй сатып алған болатын. Бүгінгі күні 100 түйе әкелді, қосымша 600 басқа жеткіземін деп отыр. 3,5 млрд инвестициялық жобаны іске асырамын деп отыр. Бүгінгі күні 6 мың га жері бар, күніне 1000 л шұбат, 500 л йогурт аламыз деп отырмыз

Ауданда ҰОС батырларының стелласы бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағы мен визит-орталық салынады. Мұнда келетін қонақтарға барлық жағдайлар қарастырылатын болады.

БАҚЫТЖАН ӘЛІМҒАЗИНОВ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Басты жұмыстардың бірі коворкинг орталығы, лекция залы болып табылады. Кітапхана, конференция залдары да болады. Мұнда түрлі оқыту-семинарлары мен тренингтер өткізуге болады. Презентацияларды өткізу үшін интерактивті экран құрылып, мультимедиялық жүйе толықтай қарастырылады. Екінші басты бөлме музей болып табылады

Аудан орталығына кіре берістегі «Баянауыл» жазуы бар стелла жанында тамашалау алаңы пайда болады. Одан Сабындыкөл көлінің жағажайына дейінгі аумақты көруге мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, жаңа жобалар қатарында Сабындыкөлге жағажайына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жайнай түспек. Айта кетейік, биыл Баянауылға 200 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.

Қымбат Садық