Балабақшаға қабылдаудың жаңа ережелері бекітілді. Бос орындар бюллетені қашан жарияланады? Кезектің келгенін қайдан көруге болады? Келесі сюжетте.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Оқу-ағарту Министрлігі балалардың кезектілігін есепке алудың бірыңғай базасын әзірлегенін хабарлайды. Осыған байланысты Павлодар қаласы мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа тетігіне көшті. Яғни балабақшаға қабылдаудың жаңа ережелері бекітілді.

ГҮЛБАРШЫН АЛТЫБАСАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ МЕКТЕПАЛДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Жолдамалар қалай беріледі. Алдымен балабақшамен бос орындар бюллетені толтырылады. Ол бізбен, облыстық білім басқармасымен тексеріліп, бекітіліп министрлікке жібереді. Содан кейін ғана ол бос орындар бюллетені жарияланады. Яғни оның уақыты әзірге белгісіз.

Осыған дейін алдын ала броньдау жүйесі болды, қазір бірыңғай база жұмыс істеп тұр. Кезектің келгені туралы 1414 нөмірінен ата-анаға смс- хабар ретінде жіберіледі.

ГҮЛБАРШЫН АЛТЫБАСАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ МЕКТЕПАЛДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Алдымен ата-анаға 1414 нөмірінен сіздің кезек келді деген хабар келеді. Егер қалаған балабақшаға баратын болса «иә» деген батырманы басады. Одан кейін сол нөмірге балабақшаға жолдама келеді. Ол индиго 24 сайтында менің жолдамаларым деген жерде шығып тұрады. Егер тиісті құжаттардың бәрі қолда болса, ата-ана электронды келісімшартқа қол қояды.

Жаңашылдықтың бірі электронды келісімшарт, себебі шарт осыған дейін жазбаша қағаз түрінде болған еді. Сонымен балабақша ата-ана толтырған электронды келісімшартты толығымен қарап шығады. Оның ішінде екпелерін, анықтамаларын, ата-ана туралы мәліметін тексеріп, қол қояды. Келісімшартқа қол қоймау себептері де бар.

ГҮЛБАРШЫН АЛТЫБАСАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ МЕКТЕПАЛДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Денсаулық сақтау министрлігің бұйрығына сәйкес балабақша тобында екпе алмаған бала саны 10 пайыз ғана болуы керек, яғни бір топтағы 90 пайыз бала екпе алуы тиіс. Сондықтан келісімшартта баланың екпе алғаны туралы ақпаратты балабақша көре алады. Яғни, Сіз таңдаған балабақша мен топта екпе алмаған балалар 10 пайыздан асып кетсе, ата-анаға орын бермеуге құқылы.

Айта кетері, қазіргі кезде балабақша кезегіне егов кз, Indigo порталы арқылы тұруға болады. Соңғысында босаған орындарындың саны да жарияланып отырады.

Самал Қалиқызы