Шаһарымызда «Алтын уақыт» пансионатындағы ата-әжелерімізге ән шашу ұсынылды. Тілшіміз тарқатсын.

 «Алтын уақыт» пансионатындағы ата- әжелеріміз ән мен күйге қарық болып, бір көңілденіп қалды. Бүгінгі іс-шараның ойдағыдай өтуіне Ардагерлер тобы мүшелері ұйытқы болды. Айтуларынша, бұл қарияларға арналған мерекелік, концерттік шаралардың басы ғана, алдағы уақыттарда да қарттарымыздың көңілін аулауды жоспарлап отыр.

САПАРБЕК МАУСЫМБАЕВ, УСОЛКА ШАҒЫН АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІН ТӨРАҒАСЫ

Халық сондай өте қуанышпен қарсы алады. Өйткені бұл кісілер енді былай шындап келгенде қаланың ішіне шығып концерт, мәдени шараларға бара алмайды. Бірақ, концертпен келгенде бізбен бірге өлең айтады. Сондықтан бүгінгі шараға рахметімді айтамын.

Қарияларымыздың бос уақытын пайдалы әрі қызық өткізуі үшін де атсалысып жүрген жандар жетерлік.

Халық әндері тыңдалып, түрлі тілектер айтылды. Әсіресе әжелеріміздің езуінен күлкі кетпеді.

ЫРЫМДЫ ҚАРАБЕКОВА, «ДУДАР-АЙ» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Біз ардагерлер үйіне барамыз, қарттар үйіне барамыз. Осындай жеке-жеке орындарда өз өнерімізді көрсетіп жүрміз. Абайдың айтқаны бар ғой «Өзгеге көңілім тоярсың, өлеңді қайтып қоярсың» деген, сондықтан қазіргі уақытта біз жасымыз ұлғайса да осы өлеңге құмармыз.

Айта кетсек, қазіргі уақытта пансионатта 20 ға жуық адам пана тауып отыр.

Салтанат Бауыржанқызы