24-30 маусым аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Мақсаты — азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғап, салауатты өмір салтын насихаттау.

Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау туралы хабарлайды.

ҚҰРАЛАЙ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ БОСАНУДАН КЕЙІНГІ БӨЛІМІНІҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Репродуктивті денсаулық дегенге анықтама бергенде ол ағзаның репродуктивті және де басқада функцияларының қызметтерінің жақсы болуына емес, ол адамның жан дүниесі, моральдық, психологиялық, физикалық жағдайы, әл-ауқатының жақсылығы болып есептеледі

Сондай-ақ, апталық барысында қоғамда өзекті проблемаға айналған жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы адам папиллома вирусына қарсы екпе салдыруға баса мән беріліп отыр.

ҚҰРАЛАЙ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ БОСАНУДАН КЕЙІНГІ БӨЛІМІНІҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Бұл осы апталықтың барысында біздің перинеталдық орталықта бізге келетін ата-аналардың үйлерінде жасөспірім қыздары бар. Біздің жұмысымыз осы жатыр мойны обыры қатерлі ауруының алдын алу мақсатында вакцинацияны түсіндіре білу. Себебі, жас қыздар заң жүзінде өзі келісім бере алмайды, мақсатымыз оның керектігін, мақсатын ата-анаға түсіндіріп айту. Әркімнің көзқарасы әртүрлі, бірақ бұл өте жақсы жұмыс жасайтын вакцина болып есептеледі

Науқан аясында ақпараттық түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орындарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады.

ҚҰРАЛАЙ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ БОСАНУДАН КЕЙІНГІ БӨЛІМІНІҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Қазақстанның денсаулығы ол жастарда. Жастар егер дені сау болып, уақытылы жоспарлап тұрмыс құрса біздерге де дені сау баланы өмірге әкелу жеңіл болады

Репродуктивті денсаулық апталығының ұлт болашағы үшін маңызы зор. Сондықтан азаматтар білікті мамандардан сенімді ақпарат алып, салауатты болашаққа қадам жасаудағы бірегей мүмкіндікті жіберіп алмағандары абзал.

Қымбат Садық