Шарбақты ауданында жағымды жаңалық көп. Биыл мемлекеттік және облыстық бюджет есебінен бірнеше әлеуметтік нысан күрделі жөнделіп, тас жолдар төселмек. Толығырақ ауыл тынысымен танысып қайтқан тілші әңгімесінде.

Қазір Галкино ауылдық округіне қарасты Арбиген ауылында медициналық пункт салынып жатыр. 288 тұрғыны бар елдімекенде медициналық кабинет бұрын мәдениет үйінде орналасқан еді. Нысан құрылысы мамыр айында басталды. Жоспар бойынша тамыз айында тапсырылады деп күтілуде. Бұл мақсатқа өңір бюджетінен 133 млн теңге бөлінді.

ДӘУРЕН НҰРСЕЙІТОВ, ГАЛКИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Бұрын осы Арбиген ауылында мед пункт болған бірақ ол мәдениет үйінде бөлмеде орналасты. Қазір міне мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің ауылымызға қуанышты хабар келіп, үлкен ғимарат салынып жатыр. Біздің ауылда пенсионерлер, зейнеткерлікке шыққан адамдар көп. Соларға да осы жер ертең ем алуына өте қажет. Ауылдың қуанышы шексіз ауыл халқының. Осындай ғимараттың салынып жатқанына. Үлкен іс мақтаныш деп айта аламын.

Медициналық пунктің қабырғалары көтеріліп, қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдың ажарын аша түскен игі бастамаларға тұрғындары да риза.

МАДИНА ІЗЖАНОВА, АРБИГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Медициналық пунктке біз қуанышпен келеміз. Алыс ауылдарға біз бармаймыз. Жергілікті жерден өзіміздің көмегімізді аламыз. Соған қуаныштымыз. Біздің ауылда барлық әлеуметтік нысандар түгелденді. Мектебіміз. Мәдениет үйіміз енді денсаулыққа керекті медициналық пункт ашылғалы отыр. Өту қуаныштымыз. Еліміз гүлдене берсін. Халқымыздың жағдайы жақсара берсін.

Бұдан бөлек, ойын баласы үшін футбол алаңы төселді. Бұған жергілікті бюджеттен 12 млн теңге жұмсалды. Сондай-ақ Шегерен ауылына мемлекеттік «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы жаңа серпін әкелді. Онда мәдениет үйі, мектеп және 3 шақырымнан аса жол жөнделді.

ДӘУРЕН НҰРСЕЙІТОВ, ГАЛКИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Биыл бізде үлкен өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ауылішілік жолдарға орташа жөндеу. Тас жолдар төселінді. 121 млн 500 мың теңге. Қазіргі таңда бұл жол қолданысқа берілді. Барлық құрылыс жұмыстары аяқталды.

786 халқы бар Шегерен ауылындағы мектеп 50 жыл жөндеуден өтпеген. Оқу жылы аяқталғаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Еден, терезе ауыстырылды. Қабырғалары әрленіп жатыр. Елді мекенде жақсы жаңалық көп.

ДӘУРЕН НҰРСЕЙІТОВ, ГАЛКИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар Шегерен ауылында мектеп бар. Ол мектепке 50 жыл жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл осы күрделі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ішіндегі жұмыстар көбінесе қабырғаларын жөндеу, жылу құбырларын ауыстыру, әйнек терезелерін жөндеу. Кейбір жерлерге тас едендер төселіп жатыр. Онымен қатар облыстық қаражат арқасында мәдениет үйінің құрылыс басталды. Жөндеу аяқталуға жақын. Ішінде біраз ғана жұмыстар қалды.

Айта кетейік, халық игілігіне қажетті нысандардың бой көтеруіне мемлекет қазынасынан 500 млн теңгеден аса қаражат бөлінді.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ.ЕА ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНАН.