20 шілде Павлодарда қала күні аталып өтеді. Келесі сюжетіміздің кейіпкері облыс орталығындағы заң ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан тұлға жайында болмақ.

Амангелді Хамзин – Павлодар қаласының құрметті азаматы, Железин ауылының тумасы. Ол 1986 жылы жұмысына байланысты Павлодарға көшіп келген. Жиырма жылдан астам сот саласында қызмет етеді. Өткенге көз жүгірте отырып, кейіпкеріміз Павлодардың 1980-жж мен қазіргі кейпін салыстырады.

АМАНГЕЛДІ ХАМЗИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Павлодар – өнеркәсіптік қала. 1986 жылы зауыттар мен фабрикалар көп болды. Адамдардың басым бөлігі де жұмысшы табынан еді. Зауыттардың жартысы жұмысын жалғастырып жатыр, кейбірі ЖСШ-ге айналды. Айта кетерлік жайт – қазір қала көркейген. Заман талабына сай ғимараттар, түрлі нысандар, дүкендер ашылды.

Амангелді Хамзин Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі соты мен қалалық билер кеңесіне, облыстық деңгейдегі соттар мен кеңестерге төрағалық етті. Қазір ол – Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі кеңес департаментінің өкілі. Сондай-ақ белсенді өмір салтын ұстанып, бос уақытында скандинавиялық жаяу жүріспен айналысады.

АМАНГЕЛДІ ХАМЗИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Мен жұбайыммен бірге күн сайын немесе екі күнде бір жағалауға келіп, серуендеймін. Жағалау бұрын қарапайым болатын. Қазір ойын алаңдары, балмұздақ сататын орындар – барлығы салынған. Негізі қаламыз көркейіп келеді. Болашақта Павлодардың ең әдемі қалалардың бірі болатынына сенемін.

Серуендеу үшін өзен жағасының таңдалғаны да бекер емес. «Менің жүрегімде Ертістің алатын орны ерекше», - дейді Амангелді Хамзин. Ертіс өзенінде ол алғаш жүзуді үйренген, ал қазір мұнда қазір балық аулағанды жақсы көреді.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АНАСТАСИЯ ЕРШ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА