Павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері Астанада өткен ШЫҰ саммиті қатысушыларының денсаулығын бақылауға атсалысты. Саммитте медициналық қызметты күшейту үшін еліміздің түрлі өңірінен мамандар шақырылған. Олардың қатарында 13 павлодарлық дәрігер бар.
Павлодар облыстық жедел медициалық жәрдем станциясының мамандары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында Біріккен Араб Әмірліктері мен Моңғолиядан келген қонақтардың денсаулығына жауапты болды. Дәрігерлер шетелдік делегацияларға медициналық көмек көрсетті.
ЗАҢҒАР ҚҰРМАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ
Ел басшыларына және жеке делегацияларға қойылған бригада болдық. Мақсатымыз алғашқы медициналық көмек көрсету болып табылды. Аманшылықта барып қайттық. Әртүрлі шақыртпалар шақырады, көмек крсетеміз және де науқатсы ауруханаға жеткізу – негізгі мақсатымыз.
Үш күн ішінде павлодарлық дәрігерлерге екі өтініш келіп түскен. Саммит барысында павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері сапалы көмек көрсетіп, біліктіліктерін дәлелдеді.
ҚАНАДАН АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Көлік жүргізушілері, фельдшерлер, дәрігерлер – ешқайсысын бөліп-жаруға келмейді. Барлығы жеке құрамда бірігіп жұмыс істеді. Мамандарымыз күнделікті облыс тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетеді, оқытудың барлық кезеңінен өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Павлодар облысынан елордаға екі реанимобиль және екі толық құрам жіберілген. Олар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммиті кезіндегі еңбегі еленіп, алғыс хаттарға ие болды.
ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЕА