Павлодарда орналасқан еліміздегі ең ірі трамвай желісі жасөспірімдерге ерекше мүмкіндіктер сыйлауда. Оқушылар жазғы уақытта трамвай бақылаушысы болып жұмыс істей алады. Толығырақ әріптесіміз айтып берсін.

Павлодардағы трамвай жұмысын 1965 жылы 18 қазанында бастады. 59 жыл тоқтаусыз қызмет атқарып келе жатқан қоғамдық көлікте демалыстағы уақытта оқушылар бақылаушы болып, нәпәқа тауып жүр.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ

Шаһарымыздағы дәл осы трамвай желісінде 9,10,11 сынып оқушылры еңбек етуде. Күніне 7 сағат және ең бастысы жастарымызға бұл ұнайды. Қазір өздерімен тілдесетін боламыз.

Арина 9 сынып оқушысы, ал Дмитрий 10 сыныпта оқиды. Бұл жұмысқа ата-аналары балаларының қызығушылығын көріп ұсынған. Қазір бақылаушылардың көмекшісі ретінде үлкен тәжірибе жинақтауда.

ДМИТРИЙ БИРЮКОВ, 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Жұмыс негізінде күрделі емес. Бізге барлығын үйретті. Еңбек ақысы, мектеп оқушылар үшін өте жақсы. Айына 85 мың теңге.

АРИНА РУБЛЕНКО, 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Жұмыс істегісі келетін жандарға іздесен барлығы табылады дегім келеді. Мен бірінші кезекте қызығушылық білдіріп анамнан сұрадым. Ол көмектесіп, маған қолдау білдірді.

Жастардың шаһар тарихымен сабақтас транспортқа қызыққаның осы салада еңбек атқарып жүрген кәсіби мамандарға да ұнаған. Олар қуана-қуана оқушыларға трамвайдың қызықты тұстарын таныстырды.

ШЫНАР СЫДЫҚОВА, ТРАМВАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Балалар жайлы айтсам мен осы трамвай желісінде 5 жылдай жұмыс істеймін. Өзіме ұнайды мен өзім де кондуктор болып келгем қазір бақылаушы болып жұмыс жасаймын. Енді қазір міне оқушыларымыз келіп жатыр. Біз оларға тәжірибемізді білетінімізді бәрін үйретіп жатырмыз.

Екі қолға бір күрек тауып, еңбек етемін деген адамға жұмыс бар. Жастар зауыт, кәсіпорын, тұрғын үйлердің құрылысына ат салысып, жаз мезгілін белсенді өткізуде.

ВЛАДИМИР БЕРКОВСКИЙ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССЕМБЛЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Жұмыс- тәрбиенің айнасы. Осындай қоғамдық жұмыс пен ұжым арқылы жасөспірімдер ашылып белсенді бола бастайды. Бастысы жұмыс істеуге ниет жеткілікті.

Жаз мезгілінде уақытын босқа өткізбей, еңбек етуді жөн көретін оқушыларға бүгінде мүмкіндіктер жетерлік. Олар түрлі қызметтерде өздерін сынап көре алады.

Байтұрсын Жұмабай