«Менің сүйікті қалам» айдарының бүгінгі кейіпкері Русана Сулаймонова. «Жасыл ел» жасағының Павлодар облыстық филиалының жетекшісі. Отрядтың бағыттары, шаһарды көріктендіру үшін жасап жатқан жұмыстары жайлы келесі сюжетте.

Қаламыздың еңбекқор жастарының қатарында Русана Сулаймонова да бар. Жас та болса бас болып «Жасыл ел» еңбек жасағын басқарып отыр.

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «JASYL EL» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мен негізі Павлодар қаласынан болатынмын. 5-ші мектепті бітірдім. Пединститутқа түсіп оқыдым. Жасыл елдегі тарихым университеттің 2 курсында басталды. Басында сарбаз болып келдім. Одан кейін жыл сайын түрлі лауазымдардан өтіп. Штаб директоры болдым.

Жылда 2000-нан астам павлодарлық жастар жасақ қатарына өтіп, қаланың көркеюіне үлес қосып жүр. Биыл отряд/ 20-шы маусымды бастады.

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «JASYL EL» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Әрине осы жылдардың ішінде «Жасыл ел» қатарында 35 мыңнан астам жастар жұмыс істеген болатын. 16 жастан бастап оқушылар, студенттер, ауыл жастары қатысып жатыр. Әрине бірнеше бағытта қамтиттын жұмыс. Бүл экологиялық, құрылыс шығармашылық бағытта жұмыс сітеп дамып жатырмыз.

Павлодар жасыл желекті шаһар. Саябақтар мен гүлзарлар қаланың көркіне ерекше сән беріп тұр. Осы ретте «Жасыл ел» штабының жұмысы да ерен. Олар қала көшелеріне гүл егіп, жаз бойы шөптерін жұлады. Бұл жасақ жұмысының бір бөлігі ғана.

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «JASYL EL» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біріншіден бұл жастармен жұмыс. Павлодарда жастар өте көп. Ата анама көмектесем деген мақсатта. Әртүрлі жұмыс жасап, жалақы тауып өздеріне көмектесіп жатыр. Екіншіден экология мәселесі. Себебі жастардың экологиялық мәдениетін арттырады. Үшіншіден жастар үшін жаңа достарды табу. Осындай бізде жұмыс.

Сонымен қатар, Русана Русланқызы еліміздегі ең жас депутаттардың қатарында. Қалалық мәслихаттың 8-шақырылымында халық қалаулысы болып сайланды.

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «JASYL EL» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Әрине бұл жұмыс бірінші кезде бұл қиын болды. Бірақ осы округ тұрғындарымен кері байланыстамын. Ватсап арқылы, сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Маған байланысты емес. Бұл абаттандыру, тұрғындардың қатынасы. Оларды шешуге тырысамын.

Павлодар қаласы зәулім, әсем ғимараттарынан бөлек тұрғындарымен құнды. Әсіресе қоғамның қозғаушы күші жастардың белсенді, ел игілігі үшін еңбек еткені қуантады.

Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА