Көші қон полициясы қызметкері шетелдік азаматтан пара алғаны үшін жауапқа тартылатын болады. Оған 3 жылға дейін бас ботсандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Павлодар қаласының №2 соты көші қон полициясының қызметкері К.-ға қатысты пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттер жасағаны үшін пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Азамат бірнеше ай бойы шетел азаматы Э.-ден көші қон заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және ҚР-да уақытша тұруға рұқсат етпегені үшін жалпы сомасы 100 мың теңгені пара ретінде алған.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Пара алғаны үшін заң бойынша негізі жаза ретінде айыппұл немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыс ұзақ мерзімді, жүйелі түрде болғанын істің мән жайын және К.-ның жеке басын ескере отырып, жеңіл жаза тағайындауға негіз көрмеді. Сондықтан 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекеттік қызметте лауазымдары атқару құқығынан айырылды. Үкім күшіне енген жоқ.

Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА