Баянауылда тауға шыққан екі адам төмен түсе алмай, екі құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

1997 жылғы жігіт пен 2000 жылы туған қыз өз еркімен «Ақбет» тауына көтерілген. Алайда, күн батқаннан кейін олар өздігінен түсе алмай, бірден құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұрайды. Оқиға орнына баянауылдық 5 құтқарушы келеді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілген, оларға медициналық көмек қажет болмады.

Біз тауға көтерілген уақытта күн жарық болып тұрған. Солай биікке шыға бердік, күннің батып бара жатқанын да байқамадық. Түсе алмадық. Не істерімізді білмей құтқарушыларға хабарластық. Олар 15 минуттың ішінде біз тұрған тауға келді. Ешқандай қиындықсыз бізді төменге түсірді. Осындай көмектері үшін Баянауылдың құтқарушыларына көп-көп алғыс айтамыз.

Сондай-ақ, айта кетейік, құтқарушылар "Ақбет" тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50-жастағы ер адамға да көмек қолын созды.