Қала күніне орай “Менің сүйікті қалам” айдары жалғасады. Осы жолғы кейіпкеріміз Иса Байзақов атындағы филармонияның әртісі, академиялық дауыстағы баритон әнші Әлижан Қазбеков. Толығырақ келесі сюжетте.
Әлижан Қазбеков жас кезінен музыкаға жақын. Қаламыздағы музыкалық мектепте білім алып, оны колледжде жалғастырған. Жоғары білімді Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде алған. Оқуын аяқтай салысымен ел қатарлы шетел асып, жаңа белестерді асуға мүмкіндік болды дейді. Бірақ жүректің қалауымен елге келіп, еңбек жолын Иса Байзақов атындағы филармонияда бастады.
ӘЛИЖАН ҚАЗБЕКОВ, И.БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘРТІСІ
Көптеген жас буындар Қазақстаннан шетелге білім алып үлкен қалаларда қалғысы келеді. Өзім ойналып, қалаға оралмасқа дедім. Тазалық болса, мәдениет бойынша дамыған қала. Академиялық ән салу бойынша осы өңірде жетілдіргім келген. Осындай мақсатпен келгем.
Академиялық әнші баритон дауысты. Классикалық әндерді майын тамызып тұрып айтады. Абайдың ариясынан бастап түрлі деңгейдегі шетелдік, қазақтың төл туындыларын орындайды. Халықаралық дәрежедегі байқауларға қатысып, талай рет жеңіс тұғырынан көрінді.
ӘЛИЖАН ҚАЗБЕКОВ, И.БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘРТІСІ
Дауысым баритон. Орта дауыс. Менің мұғалімім осы жердің Шахмардай Қайдарұлы. Оның жолын қуып көптеген шығармаларды айтамын. Мысалы Абайдың ариясы, Жұбанов жазған, Моцарттың ариялары, шетел, орыс қазақ композиторлдарының классикалық әндерін айтамын. Халық әні «Япырай» болсын.
Үлкен қала үлкен мүмкіндіктер шаһары болғаныменен кейіпкеріміз елге қайта келуді жөн санаған. Атасының аманатын арқалап қазір осында қызмет етіп жүр. «Ертіс променад» алаңында филармониядағы әріптестерімен өнер көрсетіп, өңір мәдениетінің дамуына үлесін қосуда.
Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА