Павлодарлықтарды туристік слёттан қалған қоқыс үйінділері мазалап отыр. Қаланың көрнекі жеріндегі жағымсыз иіс пен шыбын-шіркейдің кесірінен тұрғындар ол жерде серуендей алмайды. Бұл аумақ қоқыстан қашан тазартылатыны жайында тілшіміз баяндасын.

Ертіс өзені алқабындағы көрнекі жерлер қазір қоқыс тастайтын жерге көбірек ұқсайды. Бұған себеп, 2-7 шілде күндері бақша шаруашылықтарының бірінің маңында жаяу туризмнен Қазақстан чемпионаты өткен. Ал жарыстан кейін спортшылар қоқыс пен жарыс хаттамаларын тастап кеткен. Қала экологиясына бей-жай қарамайтын саяжай тұрғындары бұны көріп аң-таң.

ЛЮДМИЛА ДАНЬКОВСКАЯ, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ

Біз бұл жерде туристердің жиналатынын білдік, десе де олар үнемі қоқыстарын жинап кететін. Сондықтан аумақтағы қалдықты көргенде, таңғалдық. Сол күні-ақ спорттық туризм федерациясына қоңырау шалдық. Олар «жарыстың өткені рас. Бұл мәселеге қатысты шара қолданамыз», - деп жауап берді. Менің байланыс мәліметтерімді сұрап, қайта хабарласуға уәде берген. Бірақ ешкім хабарласпады. Сенбі, жексенбі өтсе де, қоқысты тазаламаған. Дүйсенбі, сейсенбі де келіп, тексердім. Заттар әлі сол жерде жатыр.

Мәселенің егжей-тегжейін білу үшін жаяу туризм жарысының бас хатшысымен хабарластық. Ол қоқыстардың неге шығарылмағаны және оған кім жауапты екені туралы сауалдарға былай деп жауап берді:

Қажетсіз заттардың қай жерге тасталғанын арнамыздың түсірілім анықтады. Ол Ертіс өзенінің алқабы аймағындағы «Реченька» бау-бақша бірлестігіне жақын жерде орналасқан. Аталған жерді коммуналдық қызметкерлер тауып, тазартады деген сенімдеміз.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АНАСТАСИЯ ЕРШ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА