Биыл өңірде орман өрті азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды. Жалпы өрттің қауіпті кезеңі қалай өтуде, қандай қауіпсізідк ережерін сақтанған жөн? Алдағы сюжеттен көрейік.
Ағымдағы жылдың басынан орман ішінде шығатын тілсіз жау 3,5 есе қысқарды. Былтыр өңірде 134 орман өрті жағдайы тіркелсе, биыл 28 дерек ғана тіркелген.
ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.
Ауа-райының ылғалды болуы, әрі көктемде орын алған су тасқынына байланысты өрт қауіпті кезеңде штаттық режимде өтуде. Сондай-ақ, орман өрттерінің саны да төмендеді. Осыған байланысты өткен жылмен салыстырғанда материалдық шығын көлемі азайды. Бұл орайда "Ертіс орманы» резерватындағы өртті ерте анықтау жүйесі көп көмегін тигізеді.
Айта кетейік, былтыр дала өртінің 50 фактісі, ал биыл 12 жағдай тіркеліпті. Жақында шөп жинау науқаны басталады. Осы орайда, құтқарушылар бұл уақытта қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды ескертеді.
ОРАЗБЕК УАЛИХАНОВ, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Шөп шабуға шыққан кезде ең қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Ол траткорда өрт сөндіру құралы болу керек, ақаулықтар болса уақытылы орындалуын қарау керек және шөп шапқан жерде тазалықты, темекіні сөндіріп, абайлап қарау керек. Біздің қызметкерлер полициямен бірлесіп рейдтік шаралар жүргізеді. Осы шабынды, жайылма жерде, далалық алқаптарда, орман жағында болса орман қызметкерлерімен бірге шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, өрттің бір аймақтан тыс таралуына орай Ертіс өңірінің елді мекендері мен орманды далаларындағы жақын маңыңдағы автомобиль және теміржолдар бойында 11 мыңнан астам минералданған жолақтар жүргізілген. Жалпы, облыста 59 Өрт сөндіру бекеті, әрі 126 ерікті өрт сөндіру құралымы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда өртке қарсы қызметтер табиғатты қорғау мекемелерімен бірлесіп өңірде мыңнан астам рейд жүргізді. 170-тен астам бұзушылық анықталып, жалпы 400 мың теңгеден астам айыппұл салынған.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА