Биыл жыл басынан 13 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Екі қолға бір күрек тапқандардың басым көпшілігі тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Осы жылы 7436 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірдің жоспардың 43 пайызы орындалды.
Биыл 26,6 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспары бекітілген. Оның 9,2 мыңы Ұлттық жобалар мен тұжырымдарды іске асыру арқылы жүзеге аспақ. Ал субсидияланатын жұмыс орындары 6,6 мыңды құраса, 7,4 мың адам Мемлекет басшысының «10 мың халық үшін – 100 жұмыс орны» қағидасы негізінде қолға алынады. 10 мың адам жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарында екі қолға бір күрек таппақ.
Қазіргі күні 13 418 адам жұмысқа орналасты. Оның 7 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоспар 50 пайызға орындалды. Осы жылы 7436 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Шілдедегі жағдай бойынша оның 43 пайызы өз нәтижесін көрсетті.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 мыңдай адам орналасты. Жоспар бойынша 6617 тұрғын еңбекпен қамтылуы керек болатын. Екі қолға бір күрек тапқандардың басым көпшілігі құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларына тиесілі.
Ал жеке кәсібін бастаймын деген жандарға мемлекет тарапынан арнайы гранаттар мен несиелер де беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 443 грант беру жоспарланған. Ал жылдық пайызы 2,5 процентпен 164 адамға несие берілмек.
Ал гранттар мен несие берудің екінші кезеңі 15 шілде мен 31 шілде аралығында жүргізіледі. Ниет білдірушілер жергілікті «Мансап» орталықтары арқылы өтініш бере алады.
Өзгеріс Қуанар, Юрий Белевский ЕА.