Ақсу қаласында металлургтер мен қала күні бірдей аталып өтті. Салтанатты шарада бірқатар жандардың еңбегі еленіп, марапатқа ие болды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Ақсуда қала күні мен металлургтер күні тұспа-тұс келіп, жоғары деңгейде аталып өтті. Иә, қала металлургия саласымен тығыз байланысты. Сондықтан бұл күні қаланың құрметті азаматтарына құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада қала әкімі жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
НҰРЛАН ДҮЙСЕНБИНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгін сүйікті қаламыздың 63 жыл толып отыр. Осы күнге абыройлы жетіп тойлап отырғанымыз біз бен сіздердің ортақ жетістігіміз. Ақсу еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, қарқынды дамып келе жатқан қала. Қаламыздың тарихы, оның қалыптасуы мен дамуы металлургия саласымен тығыз байланысты. Металлург рухы мықты, өз кәсібіне адал. Сіздердің табанды да тағылымды, тиянақты да ерен еңбектеріңіз әркімге үлгі-өнеге.
Металлургия қайратты, табанды және өзіне сенімді жандардың кәсібі. Сондықтан бұл күні осы саланың бірқатар қызметкерлері адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.
Мәдениет Дюсембаев - еңбек ардагері,металлургия саласының нағыз майталманы. Бүгін ұзақ жылғы еңбегі еленіп, “Қала алдында сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін иеленді.
МӘДЕНИЕТ ДЮСЕМБАЕВ, “ҚАЛА АЛДЫНДА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН” ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ
Мен заводқа 1991 жылы бардым. Содан 2009 жылы пенсияға шықтым. Оған дейін мен әуелде ветврач болып 5 жылдан астам жүмыс істеп, заводқа ауыстым. Сол 11 жыл үшін көптеген қиын жұмыстарды бастан өткіздім. Өйткені әрбір цехтағы капитальный ремонтқа әрбір детальдарды уақытылы жеткізу міндетім болды. Әрине, кім еңбегі еленгенді жек көреді дейді ғой. Ризамын.
Ақсу моноқалалардың бірі болса да, өнеркәсібі дамыған, келушілер көңілінен шығатын әсем қалаға айналып үлгерді. Сөзімізге шаһардың жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келе жатқанына қаланың құрметті азаматтары куә.
РЫМКЕШ СЛАМБЕКОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Өзгерістеріміз өте көп. Әрине қиындық кезеңдерде болды. Бүгінгі күні шынымен қаламыз өркендеп келеді. Қала күні бәрімізге құтты болсын. Металлургтер күнімен қатар келіп отыр. Заводтың да көмегі, қамқорлығы да әрқашан айтарлықтай.
Салтанатты шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, АҚСУ ҚАЛАСЫНАН