Павлодар облыстық балалар ауруханасында 2 жастағы балаға синдактилия операциясы жасалды. Ашық ота кезінде кішкентай науқастың аяқтағы бармақтары ажыратылды.

Медицинада синдактилия деген термин бар, бұл балалардың шашағында немесе табанында саусақтардың бірігуі. Осы ретте ата-аналар балаларының саусақтарын ажырату үшін ерте жаста ота жасатқызады.

АЛЕКСАНДР САВИЧ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А

Бұл сырқат туа біткен саналады. Әрине онымен адам өмір сүре алады, денсаулығына кері әсерін тигізбейді. Клиникалық түрде ғана ұсқынсыз көрінеді. Сондықтан ата-аналар балаларының болашағын ойлап 1 жасқа толмай осындай оталарды жасап тастайды. Яғни саусақтар ажыратылады. Пластикалық ота саналады, ақырын жергілікті тіндер кесіліп, ажыратылады. Дененің басқа жерлерінен тері салынбайды.

Павлодар облыстық балалар ауруханасында жылына дәл осындай 20 шақты операция жасалады. Яғни синдактилия, полидикталия, полисиндактилия диагноздары кезінде эстетикалық, пластикалық оталар жасалады. Операция диагноздың ауырлығына байланысты жүргізіледі.

АЛЕКСАНДР САВИЧ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А

табандағы синдактилияға 1 жасқа дейін ота жасаған дұрыс. Себебі бала бір жастан кейін жүре бастайды, аяқ киім киеді. Қолдағы жағдайларды мектепке барғанға дейін жасауға болады. Бүгін 2 жастағы қызға ота жасалды.Бұл синдактилиямен өмір сүруге болады. Бірақ пациенттің анасы операция жасалғанын қалады. Осылайша бармақтары ажыратылды.

Науқас 5 күн стационарлық ем қабылдайды. Кейін оңалтудан өтеді. Айта кетсек, ота міндетті әлеуметтік медицинадық сақтандыру аясында 300 мың теңгеден басталады.

Самал Қалиқызы