Қаламыздың Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде көрнекті ақын Ғали Ормановтың араб графикасында жарық көрген кітабы көпшілікке таныстырылды. Шараға тілшімізде қатысып қайтты.

Қазақ әдебиетіндегі орны мен халық жүрегіндегі орнын қатар тауып, сол халықтың байсалды жыршысы болып, онымен ұзақ жолын, ақындық жолын бірге кешкен нағыз халықтық таланттардың бірі - Ғали Орманов. Ақынның 1948 жылы араб графикасында жарық көрген «Өмір дастаны» атты кітабы енді қаламыздың белді музейінде көпке ұсынылмақ.

 ЕРБОЛ ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙ БАСШЫСЫ

Бүгінгі күні тек қана осы Ғали Ормановтың кітабын беріп отырмыз. Бұл кітап 48 жылы жарық көрген. Бұл жалғыз кітап Қазақстан бойынша.

Айта кетейік, «Өмір дастаны» кітабы 193 беттік, әрі толық төте жазумен жазылған құнды мұра. Республикамыз бойынша әзірге 1 данасы ғана сақталған. Ал төте жазумен жазған дастандарының бірқатары анасына арналған.

ЕРБОЛ ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙ БАСШЫСЫ

Бұл музейіміздің қорын толықтырып отырған кітаптардың бірі. Ақын жазушы, Ғали Ормановтың кітабы. Біздің ммузейге табыстырып отырған өзінің жиені Айдар Қырықбай. Өзінің 22 жасынан бастап жазған өлеңдері жинақталып жалпы 48 жылы шыққан кітап.

Ғали Ормановтың аударма саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Ол қырғыздың «Манас» эпосының бірінші кітабын, А.Пушкиннің «Мыс салт атты» туындысын қазақ тіліне аударған.

ЕРБОЛ ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙ БАСШЫСЫ

Ғали Ормановтың өзі кезінде орыс, шығыс классиктерінің өлеңдерін аударған. Қазақ әдебиетіне де өз үлесін қосып, жыр әлемінде де беделі бар. Жалпы тіпті сонау Жамбыл Жабаевтың қасында жүріп иә, жазып отырған күнделігі болды ғой. Сол бұл кітаппен бергі бізге күнделіктерде келді.Бірақ күнделіктерді оқып зерттеп жатырмыз. Ол латиын әрпімен жазылған, оны Жамбыл ағамыздың мерейтойына шығарамыз деп отырмыз.

Музей мұрағаттары жалпы республика бойынша көптеген асыл мұраларымызды жинап, көрме етіп ұсынуда. Ал Ғали Ормановтың бұдан басқа қолжазбалары мұрағатта жоқ. Бірақ музей қызметкерлерінің сөзінше ұрпақ сабақтастығы үшін алдағы уақыттарда басқа да жәдігерлермен толықтыру жоспарлануда.

Салтанат Бауыржанқызы