Биыл Павлодардағы 6679 әскери бөлімінің қалыптасқанына 57 жыл. Осыған орай Ұлттық ұлан әскерилері шара ұйымдастырып бірқатар қызметші марапатталды. Толығырақ шараға қатысып келген тілшіміз әңгімелесін.
1967 жылдын 29 шілдесінде Павлодар қаласында 6679 әскери бөлімі жасақталды. Сол уақыттан бері үздіксіз Отан қорғаушыларды даярлап келе жатқан бөлімге биыл 57 жыл.
АМАНЖОЛ ӘЙТЕНОВ, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ
Бүгін біздің әскери бөлімнің тарихында атаулы күні. Бүгін әскери бөлімімізге 57 жыл толып жатыр. Бүгін қызметін абыройлы атқарған әскери қызметшілеріміз бүгін марапатталады
Әскери бөлімнің мерейтойына орай өткізілген салтанатты шарада жеке құрам марапатталды. Түрлі әскери қызмет өкілдері мен ауған соғысының ардагерлері баршаны мерейлі мерекемен құттықтап бөлімге арнаған сыйлықтарын тарту етті.
ТӨЛЕГЕН ҚОҚЫМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін міне 6679 әскери бөлімінің сарбаздарын бүгінгі 57 жылдықпен марапаттап енді құттықтап жатырмыз. Бүкіл Ауған соғысы ардагерлерінің атынан оларға тек сәттілік, жақсылық, амандық тілейміз
Марапаттау рәсімінен кейін шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты
Әскери құрылым осы жылдары қоғамдық тәртіп сақтау, қылмыстың алдын алу сияқты міндеттерді жоғары абыроймен атқарып келеді. Ел тыныштығын күзететін сарбаздардың еңбегін қатардағы қарапайым адамдар көп біле қоймайды.
НҰРЖАН ҚҰДАГЕЛДІ, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАУЫНГЕРІ
6679 әскери бөліміне келгеннен кейін біраз затты үйрендік. Командирлерге, келісім шарт бойынша әскери қызметшілерге көп рақмет
Айта кетейік, биыл 6679 әскери бөліміне 150-ден аса ерлеріміз Отан алдындағы борышын атқаруға келді. Алдағы уақытта ант қабылдау рәсіміне әзірлік үстінде.
Байтұрсын Жұмабай