Қазақстан Республикасының шекарасынан мұнай өнімдерін шетелге шығаруға тыйым салынады. Осыған дейін жанар-жағармай мен дизель отыны рұқсат етілмесе, биыл газды да жіберуге заңмен тыйым салынды. Алайда заңсыздыққа баратындар да бар. Толығырақ келесі сюжетте.
Павлодар облысында 2024 жылдың 6 айында мұнай өндеу көлемі 2,7 млн тоннаға жетті. Оның ішінде 799 мың тоннадан астам бензин, 907 мың тоннадан астам дизель отыны, 122 мың тонна авициялық отын және 230 мың тонна мазут өндірілді. Сондай-ақ, жыл басынан бері 153 мың тонна битум шығарылды.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ 1-ШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бізде Павлодар облысында үлскен мұнай өндіретін зауыт бар. Павлодар мұнай химия зауыты. Мұнай өнімдерін өндіретін үш шағын зауыт. Олар өндіретін мұнайдан жазғы дизель отынның қысқы дизель отынын шығарады. Сондай бізде 4 зауыт тіркелген облысымызда.
Екі кәсіпорын Павлодарда, екеуі Екібастұз қаласында тіркелген. Павлодар облысында жанар-жағрмай материалдарын көтерме сатумен айналысатын жалпы 104 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 26-сы біздің өңірде тіркелген. Айта кетсек, біздің елде 2022 жылдан бастап дизель отыны, бензинді және 2024 жылдың 14 мамырынан бастап газды шетелге шығаруға тыйым салынады. Ал, мазутты экспорттауға рұқсат бар.
ҚАМБАР ҚАБДУЛЛИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде жанар-жағармай өнімдеріне сұраныс артатыны белгілі. Сондықтан Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен жанар-жағармай, дизель отыны және басқа да мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынады. Осы ретте біздің департаментпен алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Облыста 2023-2024 жылдары бұл бағытта қылмыстық фактілер анықталмады, деді департаментте. Алайда 2022 жылы жанармайды заңсыз Өзбекстанға шығармақ болған екі жағдай тіркелген. Қылмыскерлер сотталды.
Самал Қалиқызы