Әлемдік дода, отыз үшінші жазғы олимпиада жалғасуда. Аламанның алғашқы күнінде ақ Елдос Сметов дзюдо бойынша алғашқы алтынға қол жеткізген еді. Бұл жетістік ел намысын оятты. Павлодарлық өнерпаз Елдос Сметовке арнау жазып тыңдармандарды қуантты.
Биылғы Париж төріндегі бәсекеде Елдос Сметовтың алғашқы алтынға қол жеткізген сәті көптің бойына жылу мен мақтаныш сыйлағаны рас. Павлодарлық өнерпаз Оразбек Бахытханға да жеңіс ерекше әсер етті. Шабытын оятып арнау жазуға алып келген. Бұл жыр жолдары спортшыға арналады.
Елдос Сметов Жақсылық Үшкемпіров атамыздың жеңісін 44 жылдан кейін қайталады. Бұл туралы да жыр жолдарында аңғаруға болады.
Оразбек Бахытханға арнаудын сөздері түңгі 3-ке таман уақытта маза бермеген. Сағатқа қарамай бірден қолыма қалам алдым дейді өнерпаз. Осының арқасында қазір дүйім жұрт өз бағасын беруде.
ОРАЗБЕК БАҚЫТХАН, МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Кейін жаңағы ұйқыға барлығымыз жатамыз ғой сол кезде тілге үйіріледі де. «Жақсылық атамның жалғасы, жеңісті жеңіспен жалғашы деген» бір сөз өзі ойға келіп жатыр содан ерінбей тұрып. Ұйқастырып сөз құрауға тырыстым
Айта кетейік, Елдос Сметов 2016-жылы Риода күміс, 2021 жылы Токиода қола медальға иелік етті. Биыл Париждегі бәсеке балуан үшін аса сәтті болды.
Байтұрсын Жұмабай