Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күні аясында 1 тамыз күні облыстық онкологиялық диспансерде өкпенің қатерлі ісіктерінің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтеді. Онда тұрғындарға қандай қызмет ұсынылады? тілшіміз тарқатсын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, өкпенің қатерлі ісігі бүкіл әлемде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің жетекші себебі болып табылады. Ал бұл қатерлі ісікке шалдыққан жандардың 85% -ы темекі шеккендігі анықталды.

БЕКАЙДАР МАХМЕТОВ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ

Өкінішке орай бұл өте қорқынышты ауру. Қатерлі ісікпен ауыратындардың ішінде өкпе обыры әрқашан алдыңғы қатарда. Егер біз осы жылдың 6 айында осы аурумен ауыратын 126 науқасты алсақ, тек біздің елде емес, бүкіл әлем бойынша, көп науқас аурудың 3-4 сатысында. Ал бұл ең соңғы әрі қиын формалары деп саналады.

Өкпенің қатерлі ісігі өлім-жітім саны бойынша да бірінші орында. Алайда, дәрігерлердің айтуы бойынша бұл ауруды бірінші немесе екінші кезеңінде анықтап, емді ертерек бастаған кезде, 85-90 пайызға жақсы нәтиже күтуге мүмкіндік бар. Ал кейінгі диагностика өмір сүру болжамын айтарлықтай төмендетеді.

БЕКАЙДАР МАХМЕТОВ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ

Бұл біздің денемізде орналасқан орган, біз оны көре немесе сезіне алмаймыз, сондықтан скринингтер мен физикалық тексерулер арқылы анықтауымыз керек.Темекі шегетін не болмаса қауіпті аймақтарда қызмет ететін адамдар, мысалы ауыр металлургия қызметкерлеріне міндетті түрде физикалық тексеруден өтіп тұру қажет. Ондай тексерістерден ешқашан қашпаулары керек

Өкпенің қатерлі ісігінің белгілеріне- өтпейтін жөтел, кеудедегі ауырсыну және ентігу жатады. Кейде симптомдар жеңіл болуы мүмкін және әдеттегі респираторлық аурулармен шатастырып алуыңыз мүмкін. Ал егер осы белгілерді ағзаңыздан байқаған болсаңыз, облыс тұрғындарын дәрігерлер ашық есік күніне шақырады. Сіз Россиская көшесі, 57/3 мекенжайы бойынша , сағат 9-дан 12-ге дейін тексеруден өтіп, онкологиялық хирургтардан тегін кеңес ала аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса болғаны.

Салтанат Бауыржанқызы