Шаһарымыздағы «Аналар үйі» он жылдық мерейтойын атап өтті. Жалғыз басты аналардың өмірі жайында келесі сюжетте.

"Аналар үйі" жобасы Қазақстанда 2013 жылдан жұмыс істей бастады. Биыл Павлродар ақаласындағы жұмысына 10 жыл толды. Бұл жобаның мақсаты жалғыз басты аналарға қолдау көрсету.

ӘСЕЛ ӘБІШЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АНАЛАР ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК МАМАНЫ

Біз 2014 жылдың 1-ші бастап жұмыс жасаймыз. Осы уақыттан бастап осы жақта жұмыс атқарудамын. Қазірге дейін 300 ана және 350 бала өз отбасыларын сақтап қалды.

Әрбір көмекке мұқтаж ана «Аналар үйі» - не ерікті түрде келе алады. Үйдің есігі сіздер үшін әрқашан ашық дейді бұл жердің қызметкерлері.

ӘСЕЛ ӘБІШЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АНАЛАР ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК МАМАНЫ

Әр түрлі жағдаймен келеді. Кей кезде отбасы бас тартқан кездер не болмаса әлеуметтік мұқтаждыққа байланысты келеді.Қазір ас пен баспанаға қаражаттың болмауынан келетіндлер саны артуда. Кей кезде жетімдер үйінің түлектері, тұрмыстық қысым көріп көмекке жүгінетіндер қатары бар.

 «Аналар үйі» ерекше жағдайларға тап болғандарды да қанатының астына алуда. Оған ерекше баланың емін өту үшін баспана қажет болған Есения Кайзер дәлел бола алады.

ЕСЕНИЯ КАЙЗЕР, «АНАЛАР ҮЙІ» ТҰРҒЫНЫ

Мен ерекше баланы тәрбиелеп отырмын. Өзім Железин ауданының тұрғынымын. Бізге Павлодар қаласында оңалту жұмыстарынан өтуді ұсынды. Бірақ мен қаладан үй жалдап тұруға қаржылай күшім жетпейтіндігін түсіндім. Осыған орай маған осы «аналар үйі»-де тұруға кеңес берді. Осыған дейін 10 күнге қалаға келіп жүрген кездер де болды. Бірақ бізге бір айлық оңалту процессін ұсынғаннан кейін, біз осы бір жақсы мүмкіндікті пайдаланып, көшіп келуге тура келді.

Аналар үйі» өз тұрғындары үшін барлық жағдайды жасап отыр. Тек әлеуметтік бағыттардан бөлек, моральдік, мұндай жағдайларда ең маңызды тұстардың бірі психологиялық тұрғыдан да көмек көрсетілуде.

ӘСЕЛ ӘБІШЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АНАЛАР ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК МАМАНЫ

Бұл мен үшін жай ғана жұмыс емес. Шындығына келсем 10-15 рет осы жақтан кеткім келді. Бірақ ең соңында бір түсінгенім, мен бұл жердегілерді тастап кете алмайды екенмін. Оған қоса аналар үйі көп уақыттарда менімен асалыстырып жатады. Бұның өзі мен үшін күш береді десем қате болмас.

 «Аналар үйі» жобасы алдағы уақыттарда Әзербайджан, Қырғызстан, Малайзия секілді шет елдерде де ашылуды жоспарлауда.

Салтанат Бауыржанқызы, Сабина Жолдаспаева