Облыс орталығында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жылу берушілер магистральдарда дайындық және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Соған байланысты солтүстік аумақта гидравликалық сынақтар басталады.
«Павлодарэнерго» АҚ жылыту маусымына дайындық ұжымдық жұмыс дейді. Сондықтан магистарльдарды жөндеу, құбырларды ауыстыру, гидравликалық сынақтарды өткізуден бөлек, әр үй иесі де бұған өз үлесін қосу керек, дейді. 5 тамыздан бастап «Павлодарэнерго» АҚ-на, 2-Жылу электр орталығына, 3-Жылу электр орталығына қосылған үйлерде гидравликалық сынақтар басталады.
РОМАН ГОНЧАРЕНКО, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
Павлодар жылу желілерімен 5-11 тамыз аралығында қаланың солтүстік бөлігінді гидравликалық сынақтар жүріп жатыр. Осыған байланысты қаланың солтүстік бөлігіндегі үйлерде ыстық су болмайды. Сынақтардың мақсаты жөндеу жұмыстарынан кейін ақаулардың барын-жоғын анықтау. Гидравликалық сынқтар аяқталғанда бір ай көлемінде анықталған ақауларға бацланысты үйлер ыстық суға қосыла бастайды. Қазір жылу желілерімен «Қазақстан Алюминийі»-не қосылған қаланың оңтүстік аумағында да сынақтар жүріп жатыр. Олар 5 тамызда аяқталады.
Осылайша келесі аптадан бастап Қамзин, Малайсары батыр, Естай, Нұркин, Ак.Марғұлан, Астана, Набережная, Олжабай батыр, Торайғыров, Нұрмағамбетов, Химқалашығы, Лесозавод және Солтүстік өндіріс аймағында ыстық су өшіріледі.
Самал Қалиқызы