Бүгін өңір басшысы Асайын Байхановтың қатысумен аппаратты жиын өтті. Күн тәртібінде екі сұрақ қаралды. Мемлекеттік жобалардың орындалу барысы жайында толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Ауыл тұрғындары 100 пайыз тіршілік нәрі таза ауыз сумен қамтылу керек. Бұл мемлекет басшысының әкімдер алдында жүктеген міндеттердің бірі. Бүгін Павлодар өңірінде бұл тапсырма кезең кезеңімен орындалып келеді. Өңірде 352 ауыл бар. Оның 228-і ғана орталықтандырылған таза ауыз суға қосылуға қауқарлы. Бұл жөнінде бүгін ведомства басшысы баян етті.
ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
352 елді мекенді 228 елдімекенді орталықтандырылған сумен жабдықтауға 228 ауыл елді мекені қолжеткізе алады. 94 кешенді блок модуль орнатылған. Қалған 26 ұңғымылардан су пайдаланылады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауыл елді мекендерін таза ауызсумен қамтамасыз етуі 98,2 пайызлы құрайды. Бүгінгі таңда ауылдарды су құбырларын салу жобаларды іске асыру аяқталды. Баянауыл ауданы Жалғызқайың, Күркелі және Сәтбаев ауылдары. Тереңкөл,Ақтоғай, ... осылайша аяқталған жобаларды еске ала отырып, .. 98,7 пайызды құрайды. Арттыруға мүмкіндік береді
Сумен жабдықтау саласына 5,3 миллиард теңге бөлініп, 6 жоба жүзеге асырылады. Ал су бұру бойынша 5,8 миллиард теңгеге 6 жоба іске қосылмақ. Бұдан бөлек, 94 ауылда кешенді блок модульдер орнатылған. Оған қоса, төрт ауылда топтық су құбырынан бағандар бар. Алайда, өңірдің кейбір аудандарында сумен жабдықтау жобаларында кешігу бар.
Десе де, Павлодар өңірі шалғай ауылдарды таза ауыз сумен жабдықтау барысында республика бойынша 6 орында.
Жиналыс барысында бейнебайланыс арқылы аудан әкімдері есеп берді. Успен ауданында 10 шақырымға су құбыры тартылды. Ауыз су қыркүйек айында ауыл тұрғындарына жіберілмек.
Ал Баянауыл ауданының Шонай мен Шөптікөл ауылдарына тіршілік нәрі 2025 жылы ғана жетеді.
Бұған қоса, Ақтоғай ауданының Жоламан, Шұға, Жамбыл, Железин ауданы Моисеевка, Тереңкөл ауданы Песчаное ауылдарындағы мердігерлер кестеден қалуда. Өңір басшысы бұл бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.
Бұдан кейін аппаратты жиынның күн тәртібінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Биыл өңірде 30 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. 23 медициналық пункт, бес Фельдшерлік амбулатория, екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілмек. Олар Аққулы, Май, Шарбақты, Железин, Успен, Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл және Павлодар аудандарында, сондай-ақ Ақсу және Екібастұз ауылдық аймақтарында салынады. Қазір 10 медицианалық нысанның құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ 18 нысанның құрылысын жүргізетін мердігер анықталды. Бұл кешендердің құрылысына облыс бюджетінен 335 миллион теңге бөлінген. Бұған қоса, денсаулық сақтау министрлігіне қосымша үш миллиард теңге көлемінде ақша бөлу туралы өтініш жіберілді. Өңір басшысы аудан әкімдеріне бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ облыс әкімі күздің салқынына дейін жеткізбей уақытында тапсыруды жүктеді.
Әйгерім Тоқпанқызы