Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде шығыс ақыны Сабыр Сәйхалидің 1905 жылы жазылған кітабы таныстырылды. Көне кітап Қазан қаласында араб графикасында жарық көрген. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Көне кітаптың атауы – «Диуани Сәйхали» деп аталады. Туынды 296 беттен тұрады. Бұл кітапта діни-тарихи ұзақ жыр жазылған. Тарихи жырдың авторы - шығыс ақыны Сабыр Сәйхали, ал құрастырушысы - Исмаил Шамсудинов. Бұл кітаптың бірнеше нұсқасы бар. Бірі Алматы облысындағы Ұлттық кітапханада сақталса, тағы бір нұсқасы Абай облысындағы Абай музейінде тұр. Кітапты музейдің қызметкері таныстырды, оның айтуынша қазақтың ұлы ақыны Абай шығыс ақыны Сабыр Сәйхалидан бата алып, оны өз өлеңіне жазған екен.
Павлодар қаласының тұрғыны, зейнеткер Қалипа Үкенқызы сирек кітапты сонау жылдардан бері қолында сақтап келген. Оның айтуынша, кітап араб тілінде болғандықтан, күні бүгінге дейін «Құран кітап» деп сақталған.
ҚАЛИПА ҮКЕНҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Әй,Абзал, үйде екі-үш кітап бар. Мен оны Құран кітаптар деп сақтап жүрмін. Қабылдан, Ныған деген аталарымнан келген, сен қарап көрші. Қолда болған, оқылған кітап, қазір оған шама жоқ. Енді үйде жатқаннан гөрі халық көрсін, беті ашылсын, ата-бабам еске түссін деп осы бауырыма бердім
Айта кетейік, музей қорында мұндай сирек кездесетін кітаптар бар. Мәселен, Абай Құнанбаевтың араб қаріпінде Санк-Петербургте басылған кітабы, Ахмет Байтұрсыновтың «Маса», «Қырық мысал» атты кітаптарының түпнұсқасы сақтаулы тұр. Осылайша, сан алуан көне кітаптар қатарына 120 жылдық тарихы бар шығыс ақынының кітабы да қосылды.
Қымбат Садық