Қоғам қайраткері, журналист Амангелді Қаңтарбаевты еске алу мақсатында дзюдодан Павлодар облыстық ашық турнирі ұйымдастырылды. Баянауыл төрінде өткен турнирге Ресейдің кейбір қалаларынан да спортшылар келді. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Дәстүрге арналған дзюдоға 2009-2011 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Турнир журналист, қоғам қайраткері Амангелді Қаңтарбаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

СЕРІК БАТЫРҒҰЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің осындай жасөспірімдердің спорттан басқа, тәрбиелік мағынасыда көптеп ойлаймыз. Көршілес Ресейден келгендер де бар. Ендігі жолы осы турнирді үлкен деңгейге жеткізіп, атсалысуға дайынбыз

Биыл дзюдо алғаш рет облыстық ашық турнир форматында өтті. Ресейдің Новосібір қаласы және еліміздің түрлі облысынан жасөспірімдер келді. Былтыр 120 бала қатысса, биыл турнир 140 қатысушыны қамтыды.

РАЙ АМАНГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Биыл үшінші рет өтіп жатыр осы жарысымыз. Екі жыл облыстық деңгейде өтсе, үшіншісі облыстық ашық турнир. Ресейден, Қазақстанның барлық қалаларынан 17 команда қатысып жатыр қазіргі уақытта. Енді, Алла қаласа, Баянауыл төңірегінен мықты дзюдошылар шығатынына сенімдіміз

Дәстүрлі турнирға дзюдо мамандары мен бапкерлер қонақ ретінде келіп, сайыс барысын бақылады. Олардың қатарында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы бар.

ВЛАДИМИР ПАНАСЕНКО, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Турнир ең алғаш Торайғыр ауылында басталған. Міне, енді кең ауқымды түрде үшінші рет өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың бірі Ардақ Қаңтарбаев. Ол дзюдадан менің алғашқы шәкірттерімнің бірі. Үлкен рахметімді айтамын оған. Енді турнир республикалық деңгейде өтеді деп те ойлаймын

Турнир қонақтары ішінде көптеген жетістіктерге жеткен, биік шыңдарды бағындырған шеберлер де бар.

АРМАН БАКАТОВ, БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫ (НОВОСІБІР ОБЛЫСЫ)

Турнир республикалық, тіпті халықаралық деңгейде өседі деп ойлаймын. Баянауылға алғаш рет келсек те, Павлодарда жарыстарға келгенбіз. Менің спортшыммен баянауылдық бала күресіп, ұпайлары тең түскен болатын. Талантты, өте намысты жасөспірімдер көп. Оларды қазірден халықаралық жарыстарға апарса, үлкен жеңіске жететіндеріне сенімім мол

Спорттың бұл түрі адамға құнды тәжірибе береді. Жасөспірімдер жақсы өнер көрсетіп, алаңда бір-біріне дес бермеді.

Турнир соңында жеңімпаздарға медальдар мен ұйымдастырушылар атынан арнайы спорт формалары табысталды. Дзюдодан мұндай турнирлар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қымбат Садық