Павлодар облысында жыл басынан есірткі тасымалдаған, сатқан, таратқан, насихаттаған 28 адам ұсталды. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмаған бала да бар. Жалпы өңірде есірткімен күрес қалай жүзеге асып жатыр? Тілшіміз айтсын.

Павлодар облысында жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 100-ден астам бұзушылық тіркелді. Оның ішінде заңсыз есірткі тасымалы бойынша 62 факт анықталды. Басқарма бастығы Павлодар облысында соңғы жылдары синтетикалық есірткілердің белең алып кеткенін айтты.

ТИМУР ҚАРЖАУБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД НАШАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жалпы жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 144 факті тіркелді. Олардың 62-сі заңсыз есірткі айналымы. 4 факті ірі көлемде есірткі сақтау, 2 факті аса ауыр қылмыстық топты құрықтау, 2 факт заңсыз есірткіні насихаттау, 2 факт есірткі өнімдерінің кантрабандасы бойынша тіркелді. 28 адам ұсталды, 1 кәмелеттік жасқа толмаған адам бар. 121 кг заңсыз есірткі өнімі тәркіленді. Оның ішінде 9 келі гашиш, 102 келі марихуана , 10 келі синтетикалық есірткілер бар.

Соңғы жылдары есірткі күйінде қылмыс жасау фактілері 20 пайызға азайды. Ағымдағы жылы 59 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 31 факті электронды ақпараттық ресурстар арқылы заңсыз насихат жүргізуге қатысты.

ТИМУР ҚАРЖАУБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД НАШАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Есірткіні заңсыз тасымалдау, насихаттау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Ол 10 жылдан бастап ары қарай бас бостандығын айыру жазасы. Қазір есірткі өндіру бойынша заңнама негізінде жаза қарастырылып жатыр, оның жазасы 20 жылдан басталады.

Павлодар облысының наркологиялық диспансерінде 1860 адам есепте тұр. Полицейлер мен дәрігерлер соңғы жылдары нашақорларды анықтау қиындап кеткенін айтады. Кеңес заманындағы стереотиптер өзгеріп кеткен. Есірткі тарату, тасымалдау, насихаттауға қатысты қандай да ақпарат болса 102 нөміріне хабарласуға болады.

Самал Қалиқызы