«ҚАЗСУШАР» Павлодар облыстық филиалының балансында қазір 6 су шаруашылығы нысандары бар. Олардың бірқатары қазір жөнделіп жатыр. Тақырыпты толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

Шідерті жүйесі жайылмалы суарудың 21000 гектарын қамтиды. Биыл Шідерті өзенінің жайылымды жерлеріне 36 тәулік бойы су жіберіліп жатыр. Жайылымды жердің 19200 гектар аумағы немесе 91 пайызына су жетті. Ол Екібастұздың үш ауылдық аймағы және Ақтоғай ауданының үш округі. Ал, 14600 гектарлы жайылымды суарудың Қолыбай жүйесі Май ауданының үш ауылдық округінің жайылымды жерлерінде орналасқан. Одан бөлек, Павлодар облысы Железин ауданы Үрлітүб ауылында орналасқан 732 га алаңда тұрақты суару алқабына суармалы су беру жүзеге асырылуда. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндірістік жем-шөппен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Май ауданының Майтүбек және Қаратерек ауылдарындағы суару желілерін қайта жаңартылса, 5700 га егіс алқабына су беруге мүмкіндік береді.

ТӨЛЕГЕН КҮЛЖАНОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылында орналасқан «Жангөбек» ЖШС-не арналған инженерлік желілер құрылысы жайлы. Ол ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушіні 1063 гектар суармалы сумен және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба Павлодар және Шығыс-Қазақстан филиалдарының бірлескен жұмысы. Нысан биыл қолданысқа беріледі. Павлодар-Успен келесі жылы аяқталады.

Май ауданында елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін Май топтық су құбырындағы сорғы станциясы орналасқан. Ауданның ауыз сумен жабдықтауын жақсарту үшін 2030 жылға қарай Май ауданының Майтүбек ауылының маңында салынатын екінші сорғы станциясына қосу жоспарлануда.

ТӨЛЕГЕН КҮЛЖАНОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Колыбайского массива лиманного орошения в Майском районе …Май ауданындағы Қолыбай массивінде лиманды суаруға күрделі жөндеу жоспарлануда. Май ауданында 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылыстары жөнделеді. 2025 жылы бұл жұмыстардың аяқталуы жоспарлануда. Күрделі жөндеу аймақтың барлық лимандарын сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, осы суды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

   Күрделі жөндеу жұмыстары өңірдің барлық лимандарын сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қыркүйек айының соңында су тасқыны кезеңіне дайындық үшін Ертіс өзені бойындағы Бұқтырма су қоймасынан су ағызу басталады. Бұл көктемде еріген суды қабылдауға орын босатуға және Ертіс өзенінің жағдайын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, Жұмыскер ауылында су басқан шалғындарын кепілдікпен қамтамасыз ету және Қаныш Сатпаев атындағы канал арқылы Орталық Қазақстан өңірлеріне ауыз суды үздіксіз беру үшін жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы, Мұрат Абилмажит