Отбасы күніне орай, Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында "Әжесі мен немересі" атты облыстық байқау өтті. Оған қала мен ауылдардан немерелерін жетектеген әжелер қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Сайыс «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл шара қоғамдағы отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілді. Оған 14 отбасы бақтарын сынады.
ЖҰЛДЫЗ МАЛДЫБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Бүгінгі таңда бізде жастар орталығында әжесі мен немересі облыстық байқау өткізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда осы сайысқа 14 отабасы қатысып жатыр. Бүкіл қала мен аудандардың өкілдері. Осы сайытың маңыздылыңы ең біріншіден отбасылық құндылықтарды насихаттап, дәріптеуде. Әжелеріміздің салтын таныпа білуге. Бұрынғы замндағы адамдары түрлі ертегілер мен салт-дәстүрлерді біледі.Осындай шараның маңыздылығы өте кең. Өйткені осы кісілердің өздері де сөздері де асыл болып келеді.
Қатысушылар байқауға тыңғылықты дайындалып келген. Мұндай шаралар отбасы құндылықтарын насихаттап, жас ұрпаққа ұмыт болған салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған.
РӘЗИЯ НҰРТАЗИНА, ҚАТЫСУШЫ
Мына жастарға үлгі болсын, жолымызды салсын. Өзіміздің жасымызды берсін, немере шөбере сүйсін, отбасылары берік болсын. Өзіміздің қазақ дәстүрлерді ұмытпасын, салтамызды сақтасын. Үлкендерді сыйлап, кішіге ізет көрсетсін.
АРУЖАН ЖҰМАБАЙ, ҚАТЫСУШЫ
Осындай конкурстарға қатысу себебіміз отбасы күні келе жатыр. Әжеммен бірге қатысу үшін қарым-қатынасты нығайту үшін керек. Біздің апа екеуміздің қарым-қатынасымыз өте жақын және жылы. Бүгінгі күнге тақпақ пен көрініс дайындадық.
Сайыс үш кезеңнен өтті. Қатысушылар таныстыру кезеңінен өтіп, ән айтты. Кейін аспаздық шеберліктерін көрсетті. Ұйымдастырушылар құрастырған тапсырмаларды орындады.
ЖҰЛДЫЗ МАЛДЫБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Бүгінгі сайсымыза 3 кезең болады. Бірінші ол өзіңді ұсыну визитная карточка екінші шығармашылық кезең үшінші аспаздық өнер осы 3 кезеңде қатысушыларымыз бәйгеге түседі ең жақсылары сыйлықтармен марапатталады және дипломдармен.
Байқаудың соңында қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, мұндай шаралар өткізу аса маңызды. Себебі, осындай сайыстарда отбасылық құндылықтарымыз дәріптеліп, әдет-ғұрпымыз насихатталады.
Сабина Жолдаспаева