Өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр. Осы орайда Железин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мамандары аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қауіпсіздік шаралары жайлы ақпарат беріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
Мезгіларалық маусымда жеке тұрғын үй қожайындары пеш жағатыны белгілі. Бірақ кейбір кездері азаматтар өрт ережелерін елемей жатады. Науқан шеңберінде құтқарушылар полиция қызметкерлерімен үй-үйді аралап, тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын ескертті. Пеш жағу, электр сымдардың тұйықталуын, жылытатын құралдарды дұрыс пайдалану ережелерін түсіндірді. Ақпаратты жадынама таратты.
БАҚТИЯР ІЛИЯСОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ
Өрт жылдың кез келген уақытында болады. Бәрімізге мәлім тілсіз жау әртүрлі себептерден туындауы мүмкін. Бұл мәселе әркімнің назарында болуы тиіс. Басым көпшілігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамайды. Тіпті ата-аналар балаларының қайда ойнайтынын және не істейтінін бақылайтын болса, артық болмайды. Өйткені балалардың білмегендігінен ойындары ашық отта болса, өрт тудыратын қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, елімізде өрт қауіпсіздігі айлығы 2024 жылдың 15 тамызынан басталды.
Сабина Жолдаспаева