Кенжекөл ауылында Еңбек және ауыл күні қатар тойланды. Оның аясында көкпар, қазақша күрестен сайыстар өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына арналған «Ауылым-алтын бесігім» атты мерекелік концерт өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.
Облыс орталығымен іргелес Кенжекөл ауылының іргетасы қаланғанына 96 жыл толды. Бүгінде адам саны көбейіп, көркейіп келе жатқан елдімекендердің бірі. Бүгінде 10 мыңға жуық халық тұрады.
МЕДЕТ САНСЫЗБАЕВ, КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Біз қалаға жақын болғаннан кейін халықтың басым көпшілігі қалада жұмыс жасайды Одан басқа дүкендер, ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналыстан кәсіпкерлер бар. Осы шаралардың барлығы кәсіпкерлердің қолдауымен өтіп отыр. Басшыларына алғысымды білідремін Жалпы, ауыл шаруашылығы тұрақты, мал басы бар, сүт өнімдерімен қаланы қамтамасыз етіп отырмыз
Ауылды көркейту жолында бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді. Жарықтандыру, асфальтта, парктерге қаражаттар беріліп жатыр. Мектеп пен балабақшаға сұраныста жоғары.
МЕДЕТ САНСЫЗБАЕВ, КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Әрине біздің ауыл қарқынды дамуда. Соған байланысты қазір алдағы бір-екі жылдың ішінде балабақша салу жоспарда бар, жұмыстар атқарып. Ауыл күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы үрдіс жалғаса берсін, ауылымыз аман, жұртымыз тыныш болсын
Ауылдың үлкені де, кішісі де белсенді. Мәселен, мұнда «Асыл қазына» атты ұжым бар. Мұндағы 30-қа жуық әжелер қолөнермен айналысып, мерекелік кештерде ән салады.
ӘЛИМА ИСАЕВА, «АСЫЛ ҚАЗЫНА» АНАЛАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Кенжекөл ауылында тұрып жатқаныма 25 жылдан асып кетті. Осында еңбек етеміз, тұрмыс-тіршілігіміз жақсы. Ауыл өсіп-өркендеп келе жатыр. Бұрын біз көшіп келгенде шағындау еді. Қазір көшелері таза, мектебіміз бар, жылдан-жылға жасарып келеді. Адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған
Ауыл тұрғындары мұндай шара халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, көптен көрмеген ауылдастарды бір жерге топтастырған жақсы кеш болды деген пікірде.
Бірлігі мен тиянақтығы бір тұрғындар ауыл күнінде өткен концерттен ерекше әсермен тарқасты.
Қымбат Садық