Павлодар қаласында Атом электр станциясының құрылысын қолдау мақсатында жастар мен ересектер арасында веложарыс ұйымдастырылды. Шара жарыстық емес, әуесқой веложарыс ретінде өтті. ТОлығырақ келесі сюжетте.
«Ертіс» шаңғы базасында салауатты өмір салтын дамыту, АЭС құрылысын қолдау мақсатында облыстық веложарыс ұйымдастырылды. Оған жастар, билік өкілдері, блогерлер, спорт ардагерлері қатысты.
ВИКТОР БОНДАРЬ, СПОРТ АРДАГЕРІ
Бұл жарыстық жүгіру емес, әуесқой жүгіріс. Барлық жастағы велоспортшылар қатысады. Негізгі мақсат АЭС-ті салуды қолдау. Екі айналым болады. Жастарды спортқа баулу мақсатында осындай шара өтуде. Бұдан бөлек, Алматы қаласында да бүгін марафон өтіп жатыр. Оған 15-ке жуық ел қатысады.
Облыстық веложарыс шарасы денсаулықты нығайту, дене шынықтыруды сақтау және психологиялық көңіл күйді жақсарту, велосипедпен жүру мәдениетін дамытуға бағытталған.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Осындай шаралар әдетте қоғамды байланыстырады. Өздеріңіз көріп тұрғандай жарыста жастар мен ересек адамдар бар. Келгендердің 90 пайызы жастар. Біз де облыстық штаб ретінде шараға қатысып жатырмыз. Мен үшін бұл өте маңызды, салауатты өмір салтын қолдау, жасыл экономика бәрі үйлескен шара болды.
ЕВГЕНИЙ МИРОНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ
АЭС-тің салынуы өте маңызды біздің ел үшін. Біріншіден салауатты өмір салтын қолдаймыз. Осындай шаралар өскелең ұрпақ үшін маңызды, осы арқылы елге көрсетеміз. Дені сау ұлт екенімізді де көрсетіп отырмыз. Шын айтсам, бұл шараларға жиі қатыспаймын. Бірақ қолдаймын, бұндай акциялар үнемі өтуі тиіс.
Веложарысты «НЬю вижион тим» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жалпы жарыста велосипедшілер 2750 метр қашықтықты екі рет айналды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Павлодар облысында велоспортты дамыту мақсатында осындай веложарыстар мен велошаралар жиі өткізілетін болады.
Самал Қалиқызы