1 қазан-халықаралық Қарттар күні. Көнекөз қарияларымызға бір күн ғана емес әрқашан көңіл бөлген дұрыс. Бүгін біз өңірдің дене шынықтыру саласында айрықша үлес қосқан зейнеткер - Ермек Сейітов жайлы айтамыз. Келесі сюжетте.

Ермек Сейітов 79 жаста, Павлодар қаласының тұрғыны. Зейнеткер белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен күн сайын айналысады. Байрақты жарыстарға қатысып, жеткен жетістіктері мол.

ЕРМЕК СЕЙІТОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Әскерде болғанда 3 жыл спортпен шұғылдандық. Әскерден кейін кішкене үзіліс болды. Көп емес. Менің марафондағы жетістіктерім Омбы қаласында ең үлкен марафонын да жетістігім бар. Сол марафонда жеңімпаз болдым. Өз тобымда 60-64 жас тобында. Одан кейін Республикадағы Алматы Астана да бодым, түгел жерде жетістігім болып жүрді.

Ермек атамыз күнделікті спортпен шұғылдануға 3 сағатын бөледі. Ал 10 жылдан аса сүйсіне айналысатын спорт түрі, ролик тебу. Себебі дене бұлшықеттерінің жұмыс істеуін және төзімділіктің артуына көмек береді дейді ардагер.

ЕРМЕК СЕЙІТОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

10 жылдан асты осы коньки теуіп жүруім. Мына таяқпен итерем. Таяқтың зоры көп денеге. Аяқ пен қол жұмыс жасайды белімде. Сондықтан өзіме пайдалы спорттың түрі деп ойлаймын. Мен енді өмір бойы жүгіріспен айналыстым. содан кейін марафонмен айналысып. Оны қойып осы спортпен айналыса бастадым.

Иә, спортпен шұғылдану қариялар үшін өте маңызды. Физикалық денсаулығын жақсартып, өмір сүру сапасын арттырады. Сонымен қатар, спорт- қариялардың өзін сенімді әрі белсенді сезінуіне мүмкіндік береді.

ЕРМЕК СЕЙІТОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Спорт адам баласына пайдасы зор. Қозғалыс керек, қан қысымы түседі. Сондықтан қариялар күніне қарсы өзім сияқты қарияларға айтатыным, ақырын болса да қозғалыңыздар. Кім жаяу жүреді, кім ақырын жүгіреді. Кімнің қолынан қалай келеді. Қимыл істің денеге пайдасы зор.

Байрақты жарыстарға бірнеше спорт шеберін дайындаған спортшы ардагер, жастарға уақытты бос өткізбей, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Сабина Жолдаспаева