Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде «Шахтинск квартеті» суретшілер тобының көрмесі ашылды. Қарағанды облысының бейнелеу өнерінің әлеуетін көрсететін көрменің ашылуына жергілікті суретшілер, қала тұрғындары қатысты.
Павлодар тұрғындары үшін заманауи бейнелеу өнерінің тағы бір топтамасы ұсынылады. Бұл жолы суретшілер Қарағанды облысынан өз туындыларын алып келді. Әр түрлі техникада жазылған, әр түрлі бағытты қамтитын картиналар. Авторлар да бірқатар бағытта жұмыс істейтіндігін айтады.
ЕРСІН ТЕМІРҒАЛИЕВ, «ШАХТИНСК КВАРТЕТІНІҢ» МҮШЕСІ, СУРЕТШІ
Көбінесе енді өзіміздің туған жерді. Алаш қайраткерлерін. Туған жердің ақындары, табиғатын жасағанды жақсы көремін, шахтинск квартет тобы 2021-жылы құрылған. Қарағанды облысын толықтай шарладық десек болады.
Сурет өнерінің сиқыры кім-кімді де болсын баурап, өзіне құштар етері анық. Көрменің ашылу салтанатына бірқатар жергілікті қылқалам шеберлері қатысып, сәттілік тіледі. Көрме алдағы екі апта бойы өнер сүйер қауым үшін жұмыс жасайтын болады.
ДИЛЯРА ҚАЙДАР, Н.НҰРМАХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ
Әр түрлі бағыттағы бағыттардағы туындылар ұсынылған. Суретшілер «Қимақ Арт» плэнерінің қатысушылары болып табылады
Шахтинск вартеті аты айтып тұрғандай Шахтинск қаласындағы Әубәкір Исмаилов атындағы көркемөнер мектебінде құрылған. Топ мүшелері ұстаздық етіп қана қоймай, осы өнердің дамуына да ат салысуды қолға алған. Павлодардан соң Көкшетау қаласында көрме өткізуді жоспарлауда.
Жанасыл Серікбол