Биыл өңірде 1113 адамды ит қапты
Аулада өзіңіз бағып отырған ит те қауіпті. Мәселен облыста 1113 адамды ит қапқан, олардың жартысынан көбі иелеріне шапқан есік алдындағы жануарлар. Толығырақ келесі сюжетте.
Құтырма індетінің көзі - жабайы аңдар мен үй жануарлары. Бұл індет адамға, ауырған жануарлардың тістеуі, тырнауы және сілекейі арқылы жұғады. Павлодар обылысында жыл басына 1700-ден астам адам осы құтырмаға қауіптеніп дәрігерге жүгінген.
ҚҰРАЛАЙ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Осы жылдың басынан ахуал күрделенді. Баянауыл, Ертіс, Железин ауданында. 1713 адам 9 ай ішінде медициналық көмекке жүгініп отыр. Бұның ішінде ит, мысық , ірі қара мал, кеміргіштер бар. Барлығына екпе тағайындалады.
Зардап шеккендердің 1113-і ит қапқан. Олардың басым бөлігі 63 пайызы үйдегі ауладағы жануар болса, қалғаны қаңғыбас иттер. Сондай-ақ, мамандар азаматтарға осында ит қабу, мысық тырнау жағдайлары болса бірден дәрігерге жүгінуге кеңес береді.
Самал Қалиқызы