Павлодар облысында жіті респираторлық вирустық инфекцияның маусымдық өршуі байқалады. Оған қоса пневманиямен ауырып жатқандар жетерлік. Тұмаумен ауырғандар бар ма? БҰл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде айтты.
Облыста әзірге тұмау фактілері тіркелмеді. Бірақ жіті респираторлық вирустық инфекциялар көрсеткіші енді төмендеп келеді. Инфекцияны жұқтырғандардың жартысынан көбі балалар.
ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда тұмау фактілері тіркелмеді. Бірақ жіті респираторлық вирустық инфекцияның маусымдық өсімі байқалады. Мысалы 20-26 қыркүйек аралығында 12777 жағдай тіркелді. Ал 27 қыркүйектен бастап көрсеткіш азайып келеді, 10 мыңға жуық адам вирустық инфекциямен ауырған. Олардың қатарында 14 жасқа дейінгі 7017 бала, 20 жүкті әйел, 1 жасқа дейінгі 280 бала бар. 85 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 23 бала 1 жасқа дейін және жүкті әйелдер бар.
Осы ретте тұмауға қарсы екпе салынып жатыр. Облыс бойынша 29 мыңнан астам адам вакцина алған.
ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Негізі еліміз бойынша А вирусының штамдары кездеседі. Былтыр А вирусының екі штамдары болды. Қазіргі таңда тұрғындарға салынып жатқан вакцинаның эмбриондары осы штамдық вирустық инфекциядан қорғайды.
Өңірде пневманиямен ауырғандар да бар. Олардың қатарында 13 бала тіпті 1 жасқа толмаған.
ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ИНфекциялық стационарға 40 адам пневманиямен жатқызылған. Олардың ішінде 13 бала 1 жасқа толмаған, 27 бала 14 жасқа дейінгі. БҰл өткен жылмен салыстырғанда бірдей көрсеткіш. Жыл басынан коронавирустық инфекция жағдайы да тіркелді. Соңғысы мамыр айында болды.
Мамандардың ақпаратынша жіті респираторлық вирустық инфекция қазан айында ушығып, қараша-желтоқсан айларында оған тұмау қосылады екен.
Өткен жылы тұмаумен 63 адам ауырған.
Самал Қалмиқызы