Көз-адамның ең маңызды органдарының бірі. Осы орайда, жыл сайын қазан айының екінші бейсенбісінде «Дүниежүзілік көру күні» атап өтіледі. Көз тексерісінен өту қаншалықты маңызды? Келесі сюжетте.
Көзді уақытылы тексеру-көру қабілетін сақтап қалудың негізгі жолы. Адамның көру қабілеті жасына байланысты әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан көз дәрігеріне жүйелі түрде қаралып тұру қажет.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың көзін тексерту өте маңызды. Ал ерте анықталған кемшіліктер, мысалы, астигматизм немесе көздің нашар көруін дер кезінде емдеу қажет
Жас ерекшелігіне қарай көзді тексеру қажеттілігі әр түрлі. Мысалы, 40 жастан асқан адамдарда глаукома мен макулодистрофия сияқты көз аурулары жиі кездеседі. Ал жастарда және орта жастағы адамдарда көру қабілетінің төмендеуін алдын ала тексеру маңызды.
Қала тұрғындарынан да көз күтімі жайлы пікірлерін білдік. Ата-аналардың көбі балаларының көру қабілетіне алаңдайтындарын айтты.
Айта кетейік, офтальмология бөлімшесінде тұрғындар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет ала алады. Офтальмологтың қабылдауына жазылып, көз денсаулығын тексертуге болады.
Сабина Жолдаспаева