Жылыту маусымына дайындық жан-жақты қажет. Өңірде бұл кезең қалай өтіп жатыр? Толығырақ тішлі әңгімесінде.
Биыл бұл науқан өңірде 9 қыркүйектен жүруде. Жылу бастапқыда әлеуметтік нысандарға жіберілді. Бұдан кейін біртіндеп тұрғын үйлерге де таратыла бастады. Қазір облыс орталығындағы 1300 көпқабатты үйдің барлығына жылу берілді. 277 әлеуметтік нысандарға да қосылды. Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары толық аяқталды деді жауапты ведоства басшысы.
ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылы қазан айының басында 361 өтініш түсске. Өткен жылдың осы кезеңінде 660 өтініш түсті. Барлық әлеуметтік нысандар ... 31 бірлікте жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қазандықтарды жылыту маусымына дайындау мәселесі Үкіметтің ерекше назарында. Өңіріміздің 3 шаһарында құны 12 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылып, орындалды. Бұл арқылы жылу беру құбырлары жаңарды. Өңірде алдыңғы жылдары жылыту маусымында көптеген олқылық пен апат орын алғаны белгілі. Екібастұз жұрты аязды күнде жылусыз қалды. Биыл бұл жағдай қайталанбас коммуналды қызметтер ертерек қамданған.
ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Жылумен жабдықтау желілерінде 31,3 шақырым жөндеу жоспарланған. 100 пайыз орындалды. Қаражат есебінен 4 жоба жүзеге асырылды. Гидарвликалық сынақ. ... пайызға дейін төмендетілетін болады.
Тұрғындарды қатты отынмен қамту мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Қазір өңір халқы жеке тұрғын үйлер үшін көмір сатып алуды бастап кеткен. Тапшылық жоқ.
ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Әлеуметтік сала обьектілерін көмірмен қамтамасыз ету үшін 342 мың тонна қатты отын немесе 59 пайыз әкелінді. Тұйықтардағы қор 46,1 мың тоннаны, Павлодар қаласында 35 мың тоннаны құрайды... жоспарланған.
«Қыс шанаңды жаз сайла» демекші дайындық пысықталды. Өңірдің жылу беру орталықтары олқылықсыз жұмыс істеп тұр. Шаһар тұрғындары дерлік ыстық сумен қамтылған.
Әйгерім Тоқпанқызы