Павлодар қаласында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында байқау өткізіледі. Оған шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады. Қомақты қаражат кімге тиесілі? Толығырақ алдағы материалда.
Қазір еңбек етемін деген адамға қолдау бар. Елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың игілігі мол. Қазан айында Павлодар облысының кәсіпкерлікті және индустриялық-инновация даму басқармасы өтеусіз грант иелерін анықтамақ.
ДАРХАН ЕРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Гранттар конкурсына тек екі категория кәсіпкерлері қатыса алады бұл біріншіден «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисттері болып табылатын кәсіпкерлер және әлеуметтік реестріне тіркелген кәсіпкерлер қатыса алады.
Кәсіп иелері байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электронлық өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынуы керек.
ДАРХАН ЕРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Гранттар конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлер кезекте кз сайты арқылы тіркеліп керекті құжаттарды ұсынып кейін конкурстық комиссия алдында өзінің жобаларын көрсетеді. Жалпы, грант конкурстық комиссия шешімі арқылы беріледі
Айта кетейік, байқауға өтінім беру мерзімі шектеулі. Қазан айының 15 және 17-сі аралығында құжаттарды қабылдау рәсімі өткізіледі.
Байтұрсын Жұмабай