Павлодар қаласының №2 мектебінде боччадан инклюзивті турнир өтті. Оған спортшылармен қатар депутаттар да қатысты. Бочча турнирінің маңыздылығы жайлы келесі сюжетте.

Павлодар қаласында боччадан инклюзивті турнир ҚР бочча федерациясымен ұйымдастырылды. Оның алдында қаланың дене шынықтыру мұғалімдер үшін шеберлік сабағы өтті. Онда адаптивті дене шынықтыру, оның ішінде инклюзивті білім беру тақырыбы талқыланды. Сол семинар бочча турнирімен жалғасты.

НҰРГҮЛ ҰЛЖЕКОВА, ҚР БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ

Боччадан инклюзивті турнир мақсаты боччаны спорт түрінде ғана емес бұқаралық спорт ретінде көрсету. Кеше дене шынықтыру мұғалімдеріне семинар өтті. Бүгін практикалық ретінде дене шынықтыру мұғалімдер іүлкен тәжрибе алады деп ойлаймын. Үлкен тәжірибе алады деген ойдамын.

Әсіресе жас мамандар үшін семинар мен турнирдің ұштасуы тәжірибе жинауға мол мүмкіндік. Сондықтан инклюзивті балалармен жұмыс жасайтын жастардың шараға қатысқаны қуантады.

ДИНА УАТХАН, «БОЛАШАҚ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ)

Яғни осы семинарды таңдаған себебім, ерекше балалармен жұмыс жасағым келеді. Онда көп. Осындай семинарға келіп отырмын. Өзім таңдаған болатынмын.

Жалпы турнирге 10 команда яғни 30 адам қатысты. Жарыста ешқандай шектеу болмады, яғни мүмкіндігі шектеулі балалар, ересек адамдар, мұғалімдер, депутаттар да бақтарын сынады.

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А.

Ең бастысы сіздерге алғыс білдіреміз. Осындай адал жүректі іс шара жасап жатқандарыңызған. Мектепке, екі күн бойы алаңын беріп отыр. Жақын арада депуттатар 300 мың теңге сертификат ұсынайық деп едік.

Айта кетейік, бочча параолимпиадалық ойындардың қатарына жатады. Болашақ параолимпиада чемпиондарын дайындау үшін спорттың бұл түрін дамытқан дұрыс, деді білім беру бөлімінің басшысы.

ҚУАНЫШ ҚЫДЫРАЛИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Енді бочча турнирі бұл мектепте жайдан жай таңдалмады. Себебі мында Адия Асайыновна қызмет атқарады. Ол 15 мектептен бастау алған болатын. Жалғастырып жатқымыз деп айтқым келеді.

Айта кетейік, турнирге 12 жастан 69 жасқа дейінгі азаматтар қатысты. Аталмыш шара осыған дейін еліміздің 4 облысында өткізіліпті.

Самал Қалиқызы