Баянауыл ұлттық паркінде бірқатар былықтың беті ашылды. Мемлекеттік парк аумағында заңсыз құрылыс жүргізіліп, конкурссыз негізде жер учаскелері берілген. Бұл ақпаратты табиғатты қорғау прокуратурасы растады.
ЕРЛАН САЛХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ
Ұлттық парк аумағында орналасқан 70-ке жуық нысан, яғни бұл демалыс үйлері, мейрамханалар жер учаскесін пайдаланғаны үшін ақы төлемеген. Жыл сайын шамамен 230 млн теңге шығынға батқан. Қазір жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, МЕДЕТ КӘРІМ. ЕА